COVID 19 пандемия жағдайында мектеп саясатын жобалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.03
        67 97

Аннотация

Мақалада коронавирус (COVID-19) пандемиясының орта білім беру жүйесіне теріс әсерін анықтау және оны төмендету мақсатында Қазақстандағы және әлем елдеріндегі пандемия кезеңіндегі мектеп саясатының даму үрдістеріне қысқаша шолу жасалып, салыстырмалы талдау жүргізілген. Сонымен қатар, мақалада COVID-19 пандемиясы кезінде мектеп саясатын тиімді жобалау үшін, пандемия кезіндегі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалық актілерге, бұйрықтар мен нұсқаулықтар мазмұнына талдау жасалған.

Зерттеу тақырыбына байланысты педагогика ғылымында жүйелі түрде жүргізілген отандық және шетелдік ғалымдар еңбектеріне шолу жасалынып, ғалымдар еңбегінен мысалдар келтірілген.

Нақты бір мектеп деңгейінде мектеп саясатын құрастыру кезінде сақталынуы тиіс негізгі талаптар айқындалған. Сонымен қоса, мектеп саясатын құрастыру, оған өзгеріс енгізу және оны жүзеге асырудың міндетті түрде сақталуы керек үш кезеңі, яғни, ұйымдастыру, түсінтіру, жүзеге асыру кезеңдері ұсынылған. Мектеп саясатының өзгерістерін талдау, мектептің академиялық (оқу саясаты), тәрбие және кадр саясаты бағыттарының көрсеткіштері негізінде талданған.

Қорытында бөлімінде автор, COVID-19 пандемия кезінде мектеп саясатын құжат ретінде құрастыру, жаңарту және жүзеге асыруға бағытталған теориялық және практикалық нұсқаулықтар ұсынған.

Түйін сөзер: әлемдік білім беру саясаты, мемлкеттік білім беру саясаты, мектеп білім беру саясаты, жобалау, саясат.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Yelbаyevа Z., & Zhumazhanova, Z. (2022). COVID 19 пандемия жағдайында мектеп саясатын жобалау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 72(3), 31–41. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.03

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер