Робототехника сабақтарында мультимедиялық технологияларды қолдану танымдық іс-әрекетті дамыту ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.014
        197 99

Аннотация

Білім беру робототехникасы ортасында жаңа педагогикалық технологияларды енгізу оқыту
әдістемесінің өзекті мәселесіне айналды. Робототехника білімнің перспективалық салалары:
механика, электроника, автоматтандыру, құрастыру, бағдарламалау, схема-техника және
техникалық жобалаудың тоғысында орналасқан.
Мақаланың мақсаты – білім берудің әр кезеңінде мультимедиялық технологияларды пайдалана
отырып, робототехника негіздерін оқыту әдістемесін және сабақта мультимедиялық бағдарламалық
құралдарды пайдалануды талдау. Зерттеу әдістері талдау, синтез, әңгімелесу және Алматы
қаласындағы № 30 гимназия оқушылары мен мұғалімдеріне сауалнама алынды.
Мақала авторлары робототехниканы зерттеуге арналған сандық білім беру ресурстарын
әзірледі. Бұл ресурстар – сабақтың әртүрлілігіне көмекші құрал. Осы бағдарламалық өнімнің
көмегімен робототехниканы оқыту қолжетімді және ыңғайлы болады. Мультимедиа ауызша
және визуалды-сенсорлық ақпаратты біріктіруге мүмкіндік береді, бұл оқушылардың ынтасын
арттыруға, оқытудың белгілі бір параметрлерін жасауға және танымдық белсенділікті дамытуға
көмектеседі.
Оқу материалын ұйымдастыру кезінде мұғалім оқушылардың танымдық белсенділігін
арттыруға назар аударуы керек. Сабақтарда барлық оқушы белсенді танымдық әрекетке қатыса
бермейді. Бұл әрекетке мақсатты әсер ету үшін белсенді оқыту әдістері қолданылады. Атаудың
өзінде белсенді әдістің мәні жатыр. Бұл – қарапайым есте сақтау емес, оқушылардың белсенді
зияткерлік белсенділігі. Ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижесі цифрлық ресурстарды
құрастыру және әзірлеу, тестілеу болды, оның көмегімен мультимедиялық технологияларды
пайдалана отырып сабақ өткізуге болады. Бұл зерттеудің нәтижесі – мультимедиялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізуге
мүмкіндік беретін цифрлық оқу орталығы.
Түйін сөздер: білім беру робототехникасы, мультимедиа технологиялары, танымдық қызмет,
цифрлық білім беру ресурстары.

Жүктелулер

Как цитировать

Toleugazy, K., & Rakhimzhanova, L. (2023). Робототехника сабақтарында мультимедиялық технологияларды қолдану танымдық іс-әрекетті дамыту ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 74(1), 145–154. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.014