Цифрландыру жағдайында биология пәнін оқытудың мүмкіндіктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.017
        192 141

Аннотация

Қоғамның барлық салалары ақпараттандыруға, ақпараттық жүйелер мен технологияларды
жаппай пайдалануға көшуде. Бірнеше жыл бойы әлемнің әртүрлі елдері білім беру қызметіне
ақпараттық жүйелерді енгізумен айналысты, бұл студенттер мен мектеп оқушыларын оқыту
кезінде педагогикалық жұмыста технологияларды пайдаланудың айтарлықтай тәжірибесін
қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жақсы және тәжірибелі мұғалімнің арсеналында әрдайым
техникалық құралдардың пайда болуы мен жетілдірілуіне байланысты көптеген оқыту әдістері
бар. Дәл осы фактор бізге оқу процесін жеңілдетуге және оқушылардың ынтасын арттыруға
мүмкіндік береді. Өйткені, техникалық құралдарды қолдану биология сабағын қызықты және
нәтижелі сабаққа айналдыруға мүмкіндік береді. Мақалада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасының талаптарына сәйкес Қашықтықтан оқытуға көшу жағдайында электрондық
білім беру ресурстары мен білім беру платформаларының мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімді
әдістері қарастырылған. Оқушыларға білім бере отырып, оқушыларды оқулыққа тәуелді ететін
және мұғалім үйрететін нәрселермен шектейтін әдістер мен тәсілдердің орнына тиімді заманауи
әдістер мен тәсілдерді, сондай-ақ визуалды және есту элементтерін қолдану маңызды болып
табылатындығы айтылған. Биология сабақтарында бейнематериалдарды қолданудың тиімділігі
зерттелді. Зерттеу жұмысы бойынша студенттердің оқу үлгерімдерінің нәтижелері берілді.
Атап айтқанда, сабақ барысында бейнематериалдарды қолдану балаларға қажетті ақпаратты
мүмкіндігінше дәл жеткізуге мүмкіндік береді, ал студенттер өздерінің заманауи мүмкіндіктері
мен ерекшеліктеріне байланысты материалды осы тәсілмен жақсы игереді. Осылайша, зерттеу  мәселесі оқушының материалды игеруін жеңілдету үшін биология сабақтарында бейне
материалдарды қолдану қажеттілігі болып табылады.
Түйін сөздер: ақпараттық технология, заманауй, әдіс-тәсілдер, бейнематериалдар,
эксперименттік, бақылау, оқу үлгерімі, тиімді, шығармашылық.

Жүктелулер

Как цитировать

Baitasheva, G., Rustemova, E., Mussadildayeva, A., & Admanova, G. (2022). Цифрландыру жағдайында биология пәнін оқытудың мүмкіндіктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 71(2), 197–206. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.017