Болашақ арнайы педагогтың кәсіби өзін-өзі бағалауы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.01Аннотация
Мақалада болашақ арнайы педагогтың кәсіби өзін-өзі бағалау мәселелері қарастырылады.
Бұған дейін қажетті жеке және кәсіби қасиеттер, педагогтың кәсіби дайындығының білім беру
мазмұнын анықтауда әртүрлі тәсілдер зерттелген. Болашақ арнайы педагогтың жеке басы үшін
бүгінгі күні құзыреттілік, әдептілік, сыпайылық, жеке және кәсіби мінез-құлқының өзін-өзі
бақылауы сияқты қасиеттерді дамыту қажет. Ғылыми еңбектер мен эмпирикалық тәжірибені
талдау болашақ арнайы педагогтың кәсіби қасиеттерін жан-жақты зерттеудің маңыздылығын
көрсетті. Мақаланың мақсаты – болашақ арнайы педагогтың кәсіби өзін-өзі бағалауын
дамытудың ғылыми негіздемесі. Студент-болашақ дефектологтардың кәсіби өзін-өзі бағалауын
дамытудың құрылымдық-мазмұнды моделі жасалды. Модель үш компоненттен тұрады:
когнитивті, мотивациялық, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы. Экспериментке Абай атындағы
ҚазҰПУ-дың 220 студенті қатысты. Өзін-өзі басқару және өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау
үшін: И. Мотковтың сауалнамасы, Г. Казанцеваның «тұлғаның өзін-өзі бағалауы» сауалнамасы,
сондай-ақ Бубнованың құндылық бағдарларын диагностикалау диагностикасы қолданылды.
Зерттеу нәтижелері 2-3 курс студенттерінде өзін-өзі басқарудың орташа деңгейін және өзін-
өзі дамытуға деген ұмтылысты, 4 курста орташадан жоғары деңгейді орнатуға мүмкіндік берді.
Өзін-өзі бағалауы қалыпты студенттер саны 4 курсқа қарай 46,7%-дан 64,3%-ға дейін артты.
Студенттердің өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі бағалауын дамыту үшін «Өзін-өзі бағалау элективті
курсы» атты жаңа элективті курс алынды..
Түйін сөздер: өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру, кәсіби, түзету педагогикасы, арнайы білім
беру.