Классикалық педагогикадан білім 4.0: әдістеменің, тәсілдер мен принциптердің сабақтастығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.02Аннотация
Мақалада тұлғаның ертерек, орташа және кеш есею кезеңіндегі оқыту мен дамыту теориясын
жаңартуды негіздеу өзектендіріледі. Интеллектінің имплициттік теориясы, синергетикалық және
эвтагогикалық тұғырлар; білім қоғамы үшін білімді басқару тұғырлары (айқын және жасырын
білім құбылыстары, білім ағындары, білім мен мәдениеттің таралуы-диффузия); «Білім беру
4.0» – пирагогиканың идеялары ретінде қарастырылған. «Білім беру 4.0» жасанды интеллектке,
робототехникаға және заттардың интернетіне негізделген Индустрия 4.0 тұжырымдамасымен
байланысты. «Классикалық педагогика → андрагогика → эвтагогия → пирагогика» сабақтастығы
зерделенген. Өздігінен білім алу студенттік шақта өтетіндіктен эмпирикалық зерттеу
студенттермен жүргізілді. Имплициттік оқу туралы ойларын білу үшін 1 курс студенттерінің
сауалнама нәтижелері келтірілді. Сауалнамаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
86 студенті қатысты. Студенттердің 66,7 %-ы «оқыту – тәжірибеде сақтауға және қолдануға
болатын фактілерді, әдістерді және т.б. меңгеру», 25 %-ы «оқыту – білімнің жинақталуы» және
4,8%-ы «оқыту»- бұл шындықты түсіну мен түйсіну және 3,6 %-ы «оқыту – бұл мәннің мағынасын
түсіну мен анықтау» екендігін таңдағаны байқалды. Студенттердің эвтагогика және пирагогика
ұстанымдарына қатынасы зерделенді. Студенттердің көпшілігі ұжымдық өздігінен білім алудың
негізгі қағидалары ретінде пирагогиканың бес ұстанымын қолдайды.
Түйін сөздер: эвтагогигика, андрагогика, синергетика, интеллекттің жасырын теориялары,
тұлғаны дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, білімді басқару.