Зияты зақымдалған бастауыш сынып балаларының әлеуметтік-коммуникативттік дағдыларын қaлыптaстыpу тәсілдері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.08Аннотация
Мақалада зияты зақымдалған балаларды қарым-қатынас жасауға үйрету, коррекциялық жұмыстар жүргізу, мүмкіндігіне қарай әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру әдіс – тәсілдері қарастырылған. Өйткені, қарым-қатынас арқылы бала өзін, қоршаған әлемді таниды. Бұл өзекті мәселе, баланы бейімдеу, әлеуметтендіру, үйрету – күрделі процесс. Қазіргі таңда зияты зақымдалған бала сәтті бейімделу үшін қоғамдық дағдыларды меңгеру керек. Қоғамдық құбылыстарға бейімделу, әлеуметтену тек қарым-қатынас дағдылары арқылы қалыптасады. Өсіп келе жатқан адам үшін басты дүние оның мінезі, іс-әрекеті, адамдармен қарым-қатынасы. Осы дүние арқылы адам өмірідің әртүрлі кезеңдерінен өтеді. Өмір кезеңдері арқылы зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік - коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынасы маңызды. Адамның даму кезеңінде негізгі адамгершілік құндылықтар қалыптасады, өзін-өзі тану процесі жүреді, дағдылану мүмкіндіктері пайда болады.
Түйін сөздер: зияты зақымдалған бала, қарым-қатынас, әлеуметтік-коммуникативтік дағды, ауызша қарым-қатынас құралдары, қарым-қатынас дағдылары, бейімделу, әлеуметтендіру.