Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы пәнаралық байланыстың педагогикалық шарттары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.018
        182 212

Аннотация

Мақалада жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіне толық зерттелмей енгізілген
жаңартылған білім беру мазмұны талқыланады. Кез келген мазмұнды оқушы санасына сіңіру
үшін пәнаралық байланыстың ерекше маңызды екені ғылыми дәлелденген. Бүгінгі Қазақстан
қоғамы үшін жастарды рухани-мәдени және адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу аса
өзекті. Мақалада жылдам өзгеріп жатқан әлемде сенімді және табысты болуға қажетті дағдылар
мен түсініктерді дамытатын, алған білімді өмірде қолдануға жағдай туғызып, сыни тұрғыдан
ойлауға үйретуге бағытталған жаңартылған бағдарламаның ғылыми-әдістемелік негізі талданады.
Мақала аясында бастауыш мектепте оқытылатын пәндерді кіріктіру нәтижесінде қажетті
педагогикалық шарттар анықталды. Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдеріне ғана емес,
жалпы жаңартылған бағдарлама бойынша оқу үдерісіне жетекшілік ететін мұғалімдерге арналған
әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің
нәтижелері жоғары білікті ұстаздар жастардың тәрбиесін сапалы түрде өзгерте алатынын
дәлелдеп отыр. Зерттеу мәселесіне байланысты талдау, сұрыптау, сауалнама, сұрақ-жауап,
диагностика, педагогикалық эксперимент, математикалық және статистикалық өңдеу әдістері
қолданылды. Ұсынылған шарттар Тараз қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-
гимназиясы базасында 84 бастауыш сынып оқушысының қатысуымен өтті.
Түйін сөздер: пәнаралық байланыс, жаңартылған бағдарлама, педагогикалық талаптар,
шарттар, бастауыш сынып, мұғалім, модельдеу.

Жүктелулер

Как цитировать

Saurykova, Z., Tamabayeva, K., Yelubayeva, R., & Kurmanbekova, A. (2023). Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы пәнаралық байланыстың педагогикалық шарттары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 74(1), 185–199. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.018