Биология пәнінде факультативтік сабақтарды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың маңызы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.11Аннотация
Бұл мақалада "Жас агроном" жұмыс бағдарламасы элективті курстар бағдарламасы негізінде 7-8 сынып оқушыларына арналған "Қызықты биология" факультативтік курс бағдарламасы негізінде құрастырылған. Биология 6-9 сыныптар арасында бейіналды оқыту болып табылады.
Бұл жоспарлау 13-14 жас аралығындағы балаларға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды көздейді, бұл жоғары сынып оқушыларының белсенді ғылыми қызмет тәжірибесін алу үшін шығармашылық жұмыстың инновациялық түрі болып табылады. Зерттеу қызметінің мазмұнын құруда қолданылатын интегративті әдіс мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктерін ескереді және білім беру процесін ұйымдастырудың ең қолайлы түрі болып табылады.
Тапсырмаларды жоспарлау қызметтің әр кезеңінде шешілетін міндеттерге сәйкес келетін сабақтарды өткізуді қамтиды.
Егер оқушы мектеп жасынан бастап, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді үйренсе, онда ол өмірінің соңына дейін онымен бірге болады.
Көптеген ғылыми зерттеушілер мен практиктер экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін оқушылармен жұмыс істеудің оңтайлы және белсенді әдістерін іздеумен айналысады. Мұндай әдістердің қатарына мектеп эксперименттерін жатқызуға болады, іс- жүзінде әр оқушыға тән іс-әрекет, өйткені әр оқушы экспериментатор болып табылады.
Зерттеу экспериментін ұйымдастыру, тәжірибелер жүргізу-оқушыларды экологиялық тәрбиелеудің тиімді дағдылары мен әдістерінің бірі екенін айқындайды.
Түйін сөздер: педагогикалық бағыт, ботаника, биология, агрономия, нұсқаулық, сауалнама, білім, ғылыми дағды, әдіс - тәсіл, зерттеу.