Жыртқыш журналдарда жариялану тәжірибесінің ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v76.i3.03
        162 165

Аннотация

Ғылым саласын дамыту – экономикалық өсуді қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Халықаралық журналдарда ғылыми мақалалардың болуы ғылыми дәреже алу, мансапқа жету және ғылыми зерттеулерге қаражат бөлу үшін негіз болып табылады. Осыған байланысты «жалған ғылым» термині академиялық әлемде танымал бола бастады. Бұл термин белгілі бір пайда алу үшін ғылымға еліктеу процесі. Бұл мақалада жалған ғылым студенттердің, докторанттардың және басқа зерттеушілердің этикаға жатпайтын жариялау тәжірибесі бар журналдардағы жарияланымдары аясында қарастырылады. Бұл жұмыстың мақсаты жыртқыш журналдар мен оларда мақалаларын жариялайтын ғалымдардың негізгі сипаттамаларын зерттеу болып табылады. Негізгі бағыттар – қазақ ғалымдарының жарияланымдық белсенділігінің бүгінгі жағдайын анықтау, зерттеушілер не себептермен мақалаларын жыртқыш журналдарда жариялайтынын анықтау. Негізгі гипотеза – ғылым саласындағы мемлекеттік саясат жарияланым тәжірибесіне теріс әсер етеді, атап айтқанда, жыртқыш журналдардағы мақалалар үлесінің артуына ықпал етеді. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы мемлекеттің жүргізіліп жатқан ғылыми саясатына баға беруде. Мәліметтерді екінші реттік талдау негізінде сапасыз журналдардағы жарияланымдардың кеңінен таралу себептеріне талдау жасалған. Мақалада жалған ғылыммен күресу шаралары ұсынылған.

Түйін сөздер: жарияланым тәжірибесі, жыртқыш журналдар, «жалған ғылым», жарияланым белсенділігі, ғылым саясаты.

Жүктелулер

Как цитировать

Kaztayeva, S. (2023). Жыртқыш журналдарда жариялану тәжірибесінің ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 76(3), 29–39. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v76.i3.03

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер