Қазақстандағы стандартталған тестілеудің қиындықтары мен дамуы:ұлттықтан халықаралық стандартқа өту

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v76.i3.08
        237 175

Аннотация

Бұл мақалада соңғы жылдары Қазақстандағы стандартталған тестілеудегі өзгерістер мен дамуындағы зерттеу нәтижелері ұсынылады. Орын алған зерттеудің мақсаты Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) кешендік даму негізін бағалау саласындағы ұлттық саясатты зерттеу, яғни бұл емтихан жоғары деңгейде 2004 жылдан бастап осы уақытқа дейін кең ауқымда жүргізіліп келді. ҰБТ зерттеуде статистикалық және компаративтік тәсілдер пайдаланыла отырып, 2014, 2017 және 2020 жылдар аралығындағы географиялық (қала және ауыл мектептері) және тілге байланысты (қазақ және орыс мектептері) мәліметтердің негізінде зерделенді. ҰБТ нәтижелерін талдау 2017 жылы стандартталған тестілеуге енгізілген өзгерістер негізінен қаладағы қазақ тілді мектептерде 2020 жылғы нәтижелерге әсер еткенін көрсетті. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, қаламен салыстырғанда ауылдық жерлерде тіл айтарлықтай маңызға ие болды, басқаша айтқанда ауылдық жерлердегі қазақ мектептері орыс мектептеріне қарағанда осы жылдарда басымдылық танытты. Орын алған осындай қарама-қарсы нәтижелер салыстырмалы түрде 2017 жылдан бастап жүзеге асқан ҰБТ ның білім беру жүйесіндегі өзгерістермен түсіндіріледі, яғни  ҰБТ батыстың жоғары сыныптарды бағалау бағдарламасы негізінде орын алған PISA және SAT тәрізді  халықаралық тестілеу стандартына өтуге байланысты айтарлықтай өзгеріске ие болуы мүмкін.

Түйін сөздер: мектепті бағалау, кең ауқымда бағалау, мектеп түлектерін бағалау, бағалаудағы ұлттық саясат, сандық талдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Mingisheva, N. (2023). Қазақстандағы стандартталған тестілеудің қиындықтары мен дамуы:ұлттықтан халықаралық стандартқа өту. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 76(3), 94–103. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v76.i3.08

Шығарылым

Бөлім

Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе