Ақпараттық құзыреттілік көшбасшыны үздіксіз тәрбиелеудің негізгі факторы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.08Аннотация
Заманауи талаптар білім беруді басқару жүйесін динамикалық түрлендіруді талап етеді.
Мақаланың мақсаты – заманауи университеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының
ақпараттық және басқару құзыреттілігін талдаудағы негізгі тәсілдерді сипаттау. Зерттеудің
әдіснамалық негізін нәтижеге бағытталған басқару әдістемесі, үрдіске бағдарланған тәсіл,
басқарудағы жүйелі көзқарас, сонымен қатар синергетикалық, акмеологиялық, модеративті
және деңгейлік тәсілдердің ережелері құрайды.
Мақалада менеджерлердің ақпаратты басқару құзыреттілігін зерттеудің теориялық
аспектілерінің ерекшеліктері, ақпаратты басқару құзыреттілігін дамытудың жалпы критерийлері
мен факторлары қарастырылады. Зерттеудің нәтижесі – университеттің құрылымдық
бөлімшелері басшыларының ақпараттық-басқару құзыреті ұғымдарын теориялық негіздеу және
салыстырмалы талдау.
Ғылыми жаңалығы мақала материалы менеджмент теориясын, білім беру менеджментін,
университеттердің құрылымдық бөлімшелері басшыларының біліктілігін арттыру жүйесін
дамытуға ықпал ететіндігінде. Эксперименттік-тәжірибелік зерттеуге әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ құрылымдық бөлімшелерінің 43 басшысы қатысты.
Мақаланың практикалық маңыздылығы жинақталған деректерді кәсіби деңгейі, құзыреттілігі,
ақпараттық және басқару мәдениеті жоғары жоғары оқу орындарының көшбасшыларының жаңа
буынын даярлауды жетілдіруде пайдалану мүмкіндігімен байланысты.
Түйін сөздер: ақпараттық мәдениет, ақпараттық дүниетаным, ақпараттық құзыреттілік,
ақпараттық сауаттылық, университеттің құрылымдық бөлімшесі басшысының, оқу орны
менеджерінің ақпараттық-басқару құзыреті.