Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын басқару

Авторлар

  • K. Borgekova Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы, Қазақстан, Астана қ.
  • A. Mukhambetova Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы, Қазақстан, Астана қ.
  • K. Sakenova ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан, Астана қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.02
        446 185

Аннотация

Қазақстанда білім беруді дамыту бойынша кешенді жүйелі шаралар қабылдануда. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына еңбек нарығының талаптарын, сондай-ақ өңірлік ерекшеліктерді ескеріп, жұмыс берушілерді тарта отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын дербес әзірлеуге және айқындауға мүмкіндік беретін академиялық еркіндік берілген.

Мақалада Қазақстан Республикасында кадрлар даярлау жүргізілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына талдау жасалады. Бұл мақаланың мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын сапалы білім беру субъектісі ретінде басқаруды дамыту және қазіргі жағдайды көрсету болып табылады. Мақалада сипаттамалық зерттеу дизайны мен конструктивистік зерттеу парадигмасы, сонымен қатар деректерді жинау, ақпаратты талдау, статистикалық және формальды-логикалық әдістер қолданылады. Мақалада жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген бағдарламаларға талдау жасалды. Айта кету керек, білім беру бағдарламаларының сапасы кадрларды даярлауға тікелей әсер етеді, ал «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізілімі» бірыңғай қалыптастырылған ақпараттық жүйе ҚР білім беруді цифрландыру мен басқаруда маңызды рөл атқарады. Барлық стейкхолдерлер, оның ішінде оқушылардың ата-аналары, талапкерлер, жұмыс берушілер жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қандай білім беру бағдарламалары іске асырылатыны, нақты жоғары оқу орнының түлектері қандай құзыреттерге ие болатыны туралы ақпаратты «Білім беру бағдарламаларының тізілімі» ақпараттық жүйесінің көмегімен бакалавриат, магистратура, резидентура және докторантура бағдарламаларының қысқаша мазмұнымен таныса алады.

Мақалада білім беру бағдарламаларын басқарудың негізгі аспектілері келтірілген. Статистикалық деректер талданды, білім беру бағдарламаларын басқару тетіктері анықталды. Осылайша, Қазақстанда «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізілімі» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің аккредиттелген білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімі жүргізіледі және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының рейтингі қалыптастырылады.

Мақала ИРН BR18574103 « Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің реинжинирингі арқылы Қазақстан ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жазылған.

Түйін сөздер: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тізілім, білім беру бағдарламасы, басқару, даярлау бағыты.

Жүктелулер

Как цитировать

Borgekova, K., Mukhambetova, A. ., & Sakenova, K. . (2023). Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын басқару. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 77(4), 13–26. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.02

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер