Жоғары білім берудегі виртуалды шындық технологиясы: жүйелі шолулар мен мета-анализдерге жалпылама шолу

Авторлар

  • G. Shynatay Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Қазақстан,Астана қ. http://orcid.org/0000-0002-3664-9253
  • N. Shyndaliyev Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Қазақстан,Астана қ. http://orcid.org/0000-0001-5284-3526
  • G. Erlanova Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан, Арқалық қ., http://orcid.org/0000-0002-2817-7110

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.09
        171 175

Аннотация

Бұл жұмыста авторлар виртуалды шындық технологияларының студенттердің оқу
тиімділігіне әсері туралы жалпылама шолу жүргізді. Зерттеудің мақсаты жоғары оқу орындары
студенттерінің кәсіби дағдылары және/немесе білімдерін меңгерудегі жоғары көрсеткіштеріне
виртуалдандырылған білім берудің әсері туралы алдыңғы шолу жұмыстарының деректерін
синтездеу болды. Зерттеудің өзектілігі – соңғы бірнеше жылда жарияланған жоғары білім
берудегі виртуалдандырылған оқытудың эксперименттік зерттеулерін жеке қарау үшін олардың
санының тым көп болуы, сонымен қатар шолу белгілі бір әсердің тиімділігінің маңызды дәлелі.
Әдеби дереккөздерді іріктеу нәтижесінде соңғы талдауға 2014-2022 жылдардың рецензияланған
ғылыми журналдарда жарияланған 15 ағылшын тіліндегі шолу енгізілді. Нәтижелерге сәйкес,
виртуалды технологияға негізделген оқыту стандартты оқу үлгісімен салыстырғанда студенттердің
оқу үлгерімін арттыруда тиімді болуы мүмкін. Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығы: оның
нәтижелері ғылыми қоғамдастыққа виртуалды оқыту арқылы жоғары білім беру студенттерінің
оқу үлгерімінің көрсеткіштерін барынша жақсарту үшін виртуалды білім беру жүйелерінен кері
байланыс қалыпты болуы керек, виртуализация мүмкіндігінше жоғары иммерсивті болуы керек,
симуляциялық модульдер тым ұзақ болмауы керек және ең бастысы, виртуалды технологиялар
білім беру процесіне оқытудың мақсаттары мен контекстіне сәйкес енгізілуі керек.
Түйін сөздер: симуляция, студент, технология.

Жүктелулер

Как цитировать

Shynatay, G., Shyndaliyev, N., & Erlanova, G. (2023). Жоғары білім берудегі виртуалды шындық технологиясы: жүйелі шолулар мен мета-анализдерге жалпылама шолу. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 74(1), 92–101. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.09

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру