Мұғалімдердің кәсіби жетістігіін педагогикалық ынтымақтастық негізінде дамыту

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v76.i3.02
        247 280

Аннотация

Қазіргі кезде біздің елімізде білім беруді дамытуға көп көңіл бөлінуде. Заманауи мұғалім жұмысының маңызды құрамдас бөлігі кәсіби жетістік болып табылады. Әрбір ұстаз өз жұмысында сапалы жұмыстан кәсіби мотивация алып, оқушыларға қажетті білім беру үшін жеістікке жетуге ұмтылуы керек. Табысты еңбекті ұйымдастыруға әсер ететін маңызды факторлардың бірі – еңбекті ұйымдастыру, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен және оқушылармен қарым-қатынас, сонымен қатар өздерінің кәсіби қабілеттерін жүзеге асыру. Педагогикалық қабілеттер өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеуді қалыптастыратын тиімді ақпараттың жинақталуын қамтамасыз етуге көмектеседі, сол арқылы мұғалімнің өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі бекітуге қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазіргі педагогтердің кәсіби жетістігінің құрамдас бөліктерінің бірі кәсіби шеберлікті қамтамасыз етудің жаңа құралдарын меңгеру аясында үздіксіз білім алуы және өзін-өзі жетілдіруі болып табылады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты мақала авторлары Ш.А. Амонашвили, А.Г. Асмолов, Н.М. Борытко, Д.В. Григорьев, А.Н. Лутошкин, А.С. Макаренко, Р.С. Немов, П.В. Степнов, И.Ю. Шустов, т.б., көзқарастарын талдай отырып, педагогикалық ұжым дамуының негізгі деңгейлерін көрсетеді. Сондай-ақ, Еуропа мен АҚШ-тағы ынтымақтастық педагогика стратегияларын талдайды. Мақалада педагогикалық ынтымақтастыққа негізделген мұғалімдердің кәсіби жетістігін дамыту мәселесін ғылыми талдауға және сыни тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Зерттеудің практикалық бөлігі ағымдағы білім беру міндеттерін, соның ішінде инклюзивті білім берумен байланысты мәселелерді шешу үшін ұжымда педагогикалық ынтымақтастық стратегияларын пайдалану мәселесі бойынша 50 педагогке жүргізілген сауалнаманы қамтиды.

Жүктелулер

2023-10-02 — Обновлена 2023-09-20

Как цитировать

Sakiyeva, M., Slambekova, T., & Mukhanbetchina, A. (2023). Мұғалімдердің кәсіби жетістігіін педагогикалық ынтымақтастық негізінде дамыту. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 76(3), 14–28. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v76.i3.02

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер