«Мұғалімнің кәсіби мәртебесіне қатынасын өлшеу» шкаласын қазақ тіліне бейімдеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.08
        101 139

Аннотация

Бұл мақалада Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдердің іріктеуіндегі мұғалімнің кәсіби мәртебесіне қатынасын өлшеуге арналған зерттеу құралын қазақ тіліне бейімдеу үдерісінің сипаттамасы берілген. Зерттеу құралын бейімдеу процесі келесі қадамдарды қамтыды: 1) шкаланың аударылуы; 2) шкаланың іріктеме бойынша қолданылуы; 3) растаушы факторлық талдауды қолдану және алынған мәндерді түсіндіру. Шкаланың түпнұсқасынан қазақ тіліне аударылуы Түркияда білім алып жүрген және түрік тілін C1/B2 деңгейінде меңгерген 13 докторант және ғылыми қызметкерлер тарапынан жүзеге асырылды. Шкаланы қазақ тіліне аудару барысында, шкаланы түпнұсқадан басқа тілге бейімдеу үдерісінде жиі қолданылатын дәстүрлі тәсіл қолданылды. Қазақ тіліне аударылған шкала, зерттеу жұмысы аясында тандалған іріктеу тобына кіретін мұғалімдерге (n=614) жүргізілді. Қазақ тіліне аударылған шкаланың фактор құрылымын растау және ол үлгінің жиналған мәліметтермен үйлесімділігін тексеру үшін растаушы факторлық талдау (Confirmatory factor analysis) қолданылды. Осы қадамдарға сәйкес AMOS 24 бағдарламасы арқылы растаушы факторлық талдаудан алынған сәйкестік көрсеткіштері мен факторлық жүктемелердің мәндері зерттелді. Олардың біріншісі Хи-квадрат статистикасы. Хи-квадрат статистикасына іріктеу тобының көлемі әсер ететіндіктен, талдау барысында мәннің өзі емес, χ2/sd қатынасы пайдаланылды. Растаушы факторлық талдау кезінде түбірдің орташа квадраттық қателігі (RMSEA), салыстырмалы сәйкестік индексі (CFI), Такер Льюис индексі (TLI) және сәйкестік индексінің жақсылығы (GFI) сияқты индекстер қарастырылды. Растаушы факторлық талдау нәтижесінде модельдің сәйкес келу мәндері келсідей анықталды: χ2/sd= 4,36; RMSEA= 0,062; CFI= 0,90; TLI= 0,89 GFI= 0,90. Растаушы факторлық талдау нәтижесінде өлшеу құралы болып табылатын «Мұғалімнің кәсіби мәртебесіне қатынасын өлшеу шкаласы» түпнұсқаағы бастапқы құрылымын сақтағаны, яғни қазақ тіліне бейімделген өлшеу құралы 3 факторлы 25 элементтен тұратын жарамды және сенімді шкала екені дәлелденді.
Қорытындылай келе, мұғалімдер мен болашақ мұғалімдердің өз кәсібінің мәртебесіне деген қатынасын анықтауға бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қазақ тіліне бейімделген шкаланы қолдану бойынша ұсыныстар берілді.
Түйін сөздер: Мұғалім мәртебесі; мұғалім кәсібінің мәртебесін өлшеу; шкаланы қазақ тіліне бейімдеу.

Жүктелулер

Как цитировать

Meirkulova, A. (2023). «Мұғалімнің кәсіби мәртебесіне қатынасын өлшеу» шкаласын қазақ тіліне бейімдеу. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 75(2), 85–93. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.08

Шығарылым

Бөлім

Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе