Коучинг технологиясы арқылы болашақ арнайы мұғалімдердің кәсіби қызметке дайындығын қалыптастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.04
        162 179

Аннотация

Бұл мақалада коучинг технология арқылы болашақ арнайы мұғалімдердің кәсіби қызметке дайындығы
туралы мәселелер қарастырылады. Білім беру саласындағы инновациялық үдерістерге және енгізіліп жатқан
инновацияның ерекшеліктеріне, сондай-ақ ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуетін
инновациялық дамытуға ерекше назар аударылады. Мақаладағы жаңалық – өзінің кәсіби әлеуетін іске
асыруға қабілетті қызмет субъектісін қалыптастыруға жағдай жасайтын «коучинг». Коучинг технология –
бұл кеңес беру және оқыту әдісі, оның барысында коучинг студентке нақты қойылған кәсіби және өмірлік
мақсатқа жетуге көмектеседі. Басқаша айтқанда, оқу процесінде коучинг студенттің қалаған нәтижеге
жетуіне жәрдемдеседі. Демек, қазіргі кезеңде арнайы педагогтарды даярлауда коучинг технологиясын
пайдалану өзекті. Ғылыми жұмыста коучинг – философияның, психологияның, менеджмент пен логиканың
қиылысында пайда болған, адамның тиімділігін арттыру және әлеуетін ашу, оның іскерлік және жеке
мәселелерін шешу үшін қолданылатын бірегей әдістеме. Мақалада оқытудың инновациялық әдістері мен
формалары мазмұнының элементтері талданады, оларды қолдану болашақ арнайы мұғалімдердің дайындығын
қалыптастыру үдерісін мақсатты және тиімді етеді. Зерттеу кезеңдерінің бірі коучинг технологиясын қолдана
отырып, алғашқы психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізуге болады. Мұхтар Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан университетінің 72 студентінен сауалнама алынды. Оқытудың инновациялық әдістері
мен формаларының мазмұнының элементтері талданады, оларды қолдану болашақ арнайы мұғалімдердің
дайындығын қалыптастыру үдерісін мақсатты және тиімді етеді.
Түйін сөздер: коучинг, коучинг технологиясы, инновациялық технология, арнайы мұғалімдер, арнайы
мұғалімдердің дайындығы.

Жүктелулер

Как цитировать

Janzakova, M., Zholdasbekova, D., & Zholdasbekov, A. (2023). Коучинг технологиясы арқылы болашақ арнайы мұғалімдердің кәсіби қызметке дайындығын қалыптастыру. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 74(1), 36–43. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.04

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер