Қазіргі мектеп оқушыларының оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.017
        150 105

Аннотация

Мақала оқырман мәдениетінің, оқырман әрекетінің қалыптасу кезеңдері мен жағдайаттан контексттік сөйленіске ауысу заңдылықтарын, яғни жас оқырманның атормен мәтінде бекітілген мазмұнды өзінің жеке тәжірибесіне айналдыруына: жазба мәтіндерді және оларға деген рефлексияны түсінуге, қоғам өміріне белсенді түрде араласу үшін білім мен мүмкіндіктерді жетілдіруге арналған
Мақаланың мақсаты оқу мәтінінің мазмұнын оқырманның (тыңдаушының) жеке, семантикалық, танымдық және шығармашылық тәжірибесінің мазмұнына айналдыруға мүмкіндік беретін оқу онтогенезі кезеңдерінің әдістемелік негіздерін әзірлеумен байланысты оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың дидактикалық және әдістемелік тәжірибесін жинақтау болып табылады.
Оқырман әрекетін дамыту мен оқырман тәжірибесін өсірудегі ұсынылып отырған тәсілдер Алматы облысы, Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған физико-математикалық лицейдің 7-11 сынып оқушылары үшін «Оқу сауаттылығы» курсын жүргізу мен «Орыс тілі мен әдебиеті» сабағын оқыту барысында тексерілді.
Тақырыптық топта адамгершілік лексикасын оқыту Абайдың «Адам бол» рухани-адамгершілік концепциясына негізделеді. «Оқу сауаттылығы» курсының мәтіндері мен жаттығулары жоғарғы сынып
оқушыларының оқу әрекетінде қажетті базалық құрылымды дамытуға бағытталған: ауызша және ауызша емес көрсетілген мағыналық элементтерді ажырата білуге; жалған гипотезаға араңдататын хабарламалардың шынайы және жалғандығын, анықталған және белгісіздігін ажырата білуге; көп мағыналы сөздердің субтексттік мағынасы мен контекстуалды мағынасын салыстыруға; мәтіннің мазмұндық және көркемдік ерекшеліктерін салыстыру және бөлектеу біліктілігіне; автормен берілген терең мағынаға және әдеби шығарманы саналы түрде оқи отырып терең мағынасына жетуді; шығармада суреттелген оқиғалардың тұтас бейнесін жаңғыртуға.
Түйін сөздер: оқырман мәдениеті, оқыту әдістемесі, белсенді оқу, оқырман күнделігі, сұрақ қою, тұтас тұлға, рухани даму, жоғары сынып оқушылары.

Жүктелулер

Как цитировать

Tattimbetova, K., Kulbaeva, A., & Bayanbayeva, Z. (2023). Қазіргі мектеп оқушыларының оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 75(2), 182–192. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.017