Н.Әкіш бала тұлғасының ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың негізі ретінде қысқа прозо шығармаларда оқыту

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.016
        133 88

Аннотация

Бұл мақалада 5-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығындағы Н.Ақыштың «Нағыз әже қайда?»
әңгімесі әдістемелік тұрғыдан талдауға алынып, шығарманы ұлттық құндылықтар негізінде
оқыту мәселесі қарастырылады. Отбасы құндылықтары айқын көрсетілген. Отбасындағы қазақ
есімдерінің маңызы да шығармадағы ұлттық атауларға негізделген. Сабақты қызықты өткізу үшін
алдымен жас ерекшелігіне сай ойындар ойнату арқылы тапсырмалар берілген және ол әжелер
қолданатын бұйымдармен сабақтастырылған. Сабақ кезеңіндегі мағынаны тану фразасы бойынша
көркем шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы образды ашу мен оларды өмірмен салыстыра
бағалауға қатысты тапсырмалар да ұлттық танымға жақын ұғымдармен байланыстырылған.
Мәтінмен жұмыс, кейіпкерлер бейнесін ашу үшін тиімді әрі тың әдістер қарастырылады.
«Қапсырма әдісі» арқылы әженің бейнесін толық ашуға болатындығы дәлелденген. Қамзол, шапан,
кеудеше, кимешек, әшекейлер тәрізді әжелер киетін ұлттық киімдерді таңдау арқылы мәтінмен
жұмыс жасатып қана қоймай, жазушы оқушыларға кейіпкерлер іздеген нағыз әженің бейнесін
табуға қалай көмектесе алатындығы зерделенген. Автордың пікіріне маңыз беріп, оқушылардың
өзіндік сыни пікір айтуына мүмкіндік жасалатын тәсілдер де ұтымды. Наурыз көже, жеті шелпек
тәрізді ұлттық тағамдармен байланыстыра алынған әдістер де сабақтың мақсатына жетуіне
үлкен ықпал жасайды. Ең бастысы, әдістер тек ұлттық құндылықтарға негізделіп қана қоймай,
ұлттық тәрбиеге де өз үлесін қосады. Әдістеменің апробациясы Алматы қаласындағы №140
М.Мақатаев атындағы гимназияда өткізілді, жұмысқа 58 мектеп оқушысы қатысты.
Түйін сөздер: оқыту әдістемесі, тәсіл, ұлттық құндылықтар, сыни ойлау, ұлттық киім, дағды,
қазіргі қазақ әңгімелері. 

Жүктелулер

Как цитировать

Aliyeva, Z. (2023). Н.Әкіш бала тұлғасының ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың негізі ретінде қысқа прозо шығармаларда оқыту. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 74(1), 165–172. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.016