Математикалық есептерді шығарудың тәсілдерін үйрету

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.013
        162 96

Аннотация

 

Мақалада негізінен математикалық жаттығулардың түрлері туралы, адам өміріндегі (оқушы,
студент) есептерді шешудің жолы мен маңызы жайында, математикалық есептерді шығарудағы
қиындықтар, математикалық есептерді шығарудың әдістері (тәсілдері) туралы мәселелер
көрсетілген. Арифметика бойынша есептер мазмұны және қиындығы жағынан әртүрлі.
Әр есепті шешу – арифметикалық амал мен логикалық ойдың қорытындысы, алайда олардың
дәрежесі бірдей емес: бір есепті шешуде арифметикалық амал басым түссе, екінші біреулерінде пайымдау мен логикалық ой қорытындысы басым болатыны соншалық, логикалық қорытындыдан
соң есепті шығару ойға күш түсіреді. Егер арифметикадағы қажетті мәліметтер меңгерілсе және
осы типтегі есептер толық талданған болса, онда есепті шығару қиынға түспейді. Мақалада
мектеп оқушыларының математиканы оқыту әдістемесі мен мектеп оқушыларының есептерін
шешу туралы жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсетілген.
Түйін сөздер: көлем, есеп, есепті шығаруға үйрету, арифметикалық есептердің түрі, есептерді
шығарудың әдістері.

Жүктелулер

Как цитировать

Asadov, M. (2023). Математикалық есептерді шығарудың тәсілдерін үйрету. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 74(1), 140–144. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.013