“Мен және табиғат” әлеуметтік сауалнама” зертханалық жұмысы арқылы 5 және 6 сынып оқушыларын экологиялық мәдениетке оқытудың педагогикалық технологиялары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES202582113
        112 52

Аннотация

     

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына оқытылатын жаратылыстану оқулықтарында әртүрлі тәжірбелік, зертхана жұмыстарына арналған сабақтар және эксперимент жұмыстары қарастырылған. Оқулықта берілген тапсырмаларды педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың жаратылыстану пәніне қызығушылығын оятуға болады. Бұл жұмыста 6-шы сыныптың оқушыларына экологиялық мәдениетке оқытудың педагогикалық әдісі туралы жазылған, сондай-ақ зертханалық жұмысты әлеуметтану сауалнамарын қолдану қарастырылған. Зерттеу жұмысы білім алушылардың экологиялық білімін және олардың экологиялық мінез-құлқын дамытуға арналған. Жұмыста жалпы экологиялық мәдениеттің теориясы, зертханалық сабақтар мен сауалнамалар, сонымен қатар тәжірибелік іске асуы туралы баяндалған. Эксперименттік сыныптар ретінде Алматы қаласы Бостандық ауданының №81 мектеп гимназия 5-ші және 6-шы сынып оқушылары қатысты. Тәжірибе жұмысының бірінші бөлімінде оқушылар 3 топқа бөлінді: 1-ші топ - сауалнама толтырумен айналысты; 2-ші топ - сауалнамаға жауап берді; ал 3-ші топ - жауаптарды талдап, қорытындысын шығарды. Екінші бөлімінде оқушылар №81 мектеп-гимназияның маңайында тұратын тұрғындардан, дәлірек айтқанда «Көктем ықшамауданы» тұрғындарынан, сауалнама алды. Зерттеудің 3-ші бөлімінде  оқушылар мұғалімнің көмегімен сауалнама жауаптарын өңдеп, талдап, модельдер тұрғызды. Сабақтан кейін кері байланыс алынды. Зерттеуге қатысушы білім алушылар 100%-ы «өте жақсы» деген кері байланыс барген. Зерттеудің нәтижелері зертханалық сабақтар мен сауалнамаларды талдау жұмыстары арқылы, оқушылардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдердің бірі екенін көрсетті. Сонымен қатар, бұл әдістер оқушыларды сабаққа белсен қатысып, теориялық тұжырымдарын өмірде қолданып, функционалдық ойлауларына көмектеседі. Мақала бұдан кейінгі зерттеулерге ұсыныстармен аяқталады.

Түйін сөздер: сауалнама, жаратылыстану пәні, экологиялық мәдениет, адам және табиғат, зертханалық сабақ, талдау, модель құру, педагогикалық әдістер.

 

Авторлардың биографиясы

О. Амангелди, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

«8D01503 – География» (география мұғалімдерін дайындау) білім беру бағдарламасының докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: ozerke1990@gmail.com)

К. Дуйсебаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

 г.ғ.к., география, жерге орналастыру және табиғатты пайдалану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: kulzada.duisebayeva@gmail.com)

Т. Курт, Гази университеті, Анқара қ., Түркия

PhD, Білім Беру Факультетінің қауымдастырылған профессоры, Гази университеті (Анкара қ., Түркия, эл.пошта: turker@gazi.edu.tr)

Жүктелулер

Как цитировать

Амангелди O., Дуйсебаева K. ., & Курт T. (2025). “Мен және табиғат” әлеуметтік сауалнама” зертханалық жұмысы арқылы 5 және 6 сынып оқушыларын экологиялық мәдениетке оқытудың педагогикалық технологиялары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 82(1), 156–168. https://doi.org/10.26577/JES202582113