Оқушылардың сындарлы кері байланыс арқылы ақпараттық графиктерді талдау дағдыларын қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024v80.i3.012Аннотация
Зерттеу тақырыбы Семей Қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 12-сынып оқушыларының AS-/A-Level халықаралық стандарттарымен салыстыруға болатын сыртқы жиынтық емтихандарды тапсырудағы үлгерімін қарастырады..Жиынтық бағалау жүйесі халықаралық білім беру мәселелері бойынша Кембридж бағалау кеңесімен бірлесіп әзірленген және оқушылардың әртүрлі тапсырмаларды орындауы арқылы алынған білім мен қалыптасқан дағдылардың кең спектрлі функционалдығын өлшеуге бағытталған. Зерттеу сонымен қатар математикалық және функционалдық сауаттылыққа баса назар аудара отырып, жалпы білім беретін мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында PISA сияқты оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасын зерттейді. PISA және AS/A-Level сияқты халықаралық емтихандарға көбінесе Блум таксономиясына сәйкес жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қажет ететін визуалды органайзерлер қатысатыны анықталды. Қазіргі уақытта Қазақстанның мектептері мен университеттерінде халықаралық емтиханның осы түріне сәйкес тапсырмалар енгізілуде. Сондықтан жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық және психологиялық әдістері мен стратегиялары болуы керек. Солардың бірі жиі пайдалануды көздейтін CLIL стратегиясы - оқушыларға халықаралық емтихандардағы тапсырмаларды түсінуге және шешуге көмектесу үшін визуалды органайзерлар ретінде ақпараттық графиканы және сындарлы кері байланысты қарастырылады. Бұл зерттеу жиынтық бағалауда әртүрлі көрнекі ұйымдастырушыларды зерттеп қана қоймай, сонымен қатар биология және информатика пәндерінің 11 және 12 сынып оқушыларына сындарлы кері байланыс берді. Сонымен қатар мақалада халықаралық емтихандардың аналитикалық есептері мұқият талданды.
Түйін сөздер: конструктивті кері байланыс, визуальді графикалық органайзерлар, Блум таксономиясы, құзыреттер, интерпретация.