А. Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясы мен Әл-Фараби және Абай ілімдерінің сабақтастығы: қазақ тілін оқыту әдістемесі

Авторлар

  • Ж.Т. Даулетбекова Қазақcтан-Британ техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Қ.М. Рай Қазақcтан-Британ техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • А.С. Набидуллин Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • К.С. Алдашева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20247902015
        98 66

Аннотация

Кіріспе бөлімде Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясының маңызы ашылады.  Мақалада заманауи білім беру жүйесінде Ақымет Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясын жүзеге асыру жолдары қарастырылады. Бұл теорияның Ұлы Дала ойшылдарының еңбектерімен  сабақтастығы  айтылады. Ғалымның ой-тұжырымдары әл-Фарабидің, Абайдың білім мен тәрбиеге қатысты ойларымен сабақтастықта талданaды. Ойшылдардың қағидалары «Ілім – Ғылым – Білім» сабақтастығында зерделенеді.

Әл-Фарабидің «білім мен тәрбиенің тұтастығы» іліміндегі негізгі бағдар – білім мазмұны арқылы тәрбие беруді күшейту. Себебі білімсіз тәрбие берілмейді, тәрбие болмаса білімнің де маңызы жоғалады. Сондықтан оқыту үдерісінде тәрбие тек оқу мәтіндеріндегі дидактикалық мазмұннан тұрмауы тиіс. Тәрбие тілдік бірліктерді оқыту үдерісінде оның адам өміріндегі мәнін танытуға, рөлін көрсетуге бағытталуы керек. Теориялық оқу материалдары  тілдің аса маңызды құндылық екенін түсіндіруге қызмет етуі қажет. Бұл Ақымет негіздеген «тірі біліммен» толық ұштасып жатыр.

Сонымен қатар, мақалада Абай еңбектеріндегі «дүниелік білім», «мұлахаза» және «мұхафаза» категориялары да талданды. Тілді оқыту үдерісінде білімді саналы меңгертудің,  ғылыми танымдарын жетілдірудің басты шарты ретінде олардың маңызы ашылды. Оқушылардың жұптық, топтық тапсырмаларды орындауы барысында қалыптасатын тілдік қатынас дағдыларының функционалдық мәні көрсетілді.

 Қорытындыда қазақ тілін оқытудың тұғырнамалық бағыттарын белгілеуде Ұлы Дала ойшылдарының идеяларындағы үндесімді ескеру қажеттігі дәйектелді.

Түйін сөздер: білім жүйесі, «тірі білім» теориясы, ілім, функционалдық сауаттылық, дүниетаным, баули оқыту, «мәніс білім», «әдіс білім» .

 

Жүктелулер

Как цитировать

Даулетбекова, Ж., Рай, Қ. ., Набидуллин, А., & Алдашева, К. . (2024). А. Байтұрсынұлының «Тірі білім» теориясы мен Әл-Фараби және Абай ілімдерінің сабақтастығы: қазақ тілін оқыту әдістемесі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 79(2), 180–190. https://doi.org/10.26577/JES20247902015

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы