Болашақ шет тілі мамандарының лингвомәдени құзыретін қалыптастыруда NEARPOD платформасы арқылы дәрістерді тиімді ұйымдастыру

Авторлар

  • B. Abdraimova Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. Dyankova Неофит Рильский атындағы Оңтүстік-Батыс университеті, Болгария Благоевград қ.
  • M. Akhmetova Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.10
        265 110

Аннотация

Бұл зерттеу аясында, болашақ шет тілі мамандарының лингвомәдени құзыретін дамыту деңгейін арттыру барысында,Nearpod интерактивті платформасы арқылы дәрістерді  тиімді және оңтайлы ұйымдастырудың тәжірибелік тиімділігін зерттейді. Nearpod интерактивті платформасының мүмкіндіктері мен шынайы мәдени мазмұнды біріктіру тілдік білім берудегі мәдени сезімталдықты, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын және лингвистикалық хабардарлықты дамытуға қалай ықпал ететінін анықтай отырып зерттейді. Google Scholar, ERIC, Scopus, Academic Search, EBSCO және JSTOR сияқты бірнеше мәліметтер базасын  тиімді қолдана отырып, әдебиеттерге жан-жақты шолу жасалынды. Он бес шақты мақаладан тұратын әдебиеттерге шолу нәтижелері Nearpod оқушылардың белсенділігін арттыратын және тиімді оқуға ықпал ететін интерактивті мүмкіндіктер мен шынайы мәдени мазмұнды ұсына отырып, тілдік білім беруде тиімді құралға айналғанын көрсете алады. Nearpod интерактивті платформасын қолдану лекцияны алдын-ала жоспарлауда, болашақ шет тілдері мамандарының лингвомәдени құзыретін дамытуда, мәдени сезімталдықты, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын және тілдік хабардарлықты тәрбиелеуде перспективалы нәтижелер көрсетті. Тәжірибе барысында алынған нәтижелер Nearpod  интерактивті платформасы арқылы дәрістерді тиімді ұйымдастыру лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыруға айтарлықтай үлес қоса алатынын айқындай түсті. Тілді оқытуда нақты уақыт режимінде интерактивті презентацияларды, қалыптастырушы бағаларды және кері байланысты біріктіру студенттердің белсенділігін арттырады, жүйеленген топпен ынтымақтастықты дамытады және мәдени әртүрлілікті тереңірек түсінуге ықпал етеді. Nearpod  интерактивті платформасын тиімді пайдалана отырып, оқытушылар жаһанданған әлемде болашақ шет тілі мамандарын тиімді мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындайтын динамикалық және интерактивті оқу орталарын құра алады.

Түйін сөздер: Nearpod платформасы, лингвомәдени құзыреттілік, шет тілі мамандарын даярлау, оқытудың тиімді әдістері, мәдениетаралық коммуникация, мәдени құзыреттілік, білім берудегі технологияларды интеграциялау

Жүктелулер

Как цитировать

Abdraimova, B., Dyankova , . G., & Akhmetova , M. (2023). Болашақ шет тілі мамандарының лингвомәдени құзыретін қалыптастыруда NEARPOD платформасы арқылы дәрістерді тиімді ұйымдастыру. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 77(4), 111–118. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.10