Орта мектептің жоғары сыныптарында биология пәнін оқыту: электрондық оқу құралын апробабациялау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024v80.i3.013Аннотация
Бұл мақалада орта мектептің жоғары сыныптарында биологияны оқытуға арналған инновациялық электронды оқу құралын әзірлеу және сынақтан өткізу қарастырылады. Электронды оқулықты әзірлеу оқушыларды «Биология» пәні бойынша қорытынды және қабылдау емтихандарына тиімді дайындау мақсатында жүзеге асырылды. Мақала авторлары электронды құралдың оқу үлгеріміне, оқу тиімділігіне, оқушылардың ынтасына, мұғалімдердің оң қабылдауына және алаңдаушылықтың төмендеуіне оң әсері туралы болжамға негізделген гипотезаларды ұсынады. Зерттеу интерактивті элементтерді, мультимедианы, визуализацияны және жеке оқыту тәсілін қолдана отырып, оқу құралын әзірлеуді қамтиды. Электрондық оқу құралы орта мектепте сыналды, апробация нәтижесінде оның оқу процесіне және оқушылардың оқу нәтижелеріне әсері бағаланды. Зерттеу барысында педагогикалық бақылау әдістері, педагогикалық эксперимент, оқушылардың сауалнамасы, М.И. Рожков, Б.Н. Филлипс әдістері, математикалық статистика әдістері, оның ішінде U-Манн-Уитни, Вилкоксонның Т-критерийлері қолданылды. Өткізілген зерттеу нәтижелері инновациялық электронды оқу құралының оқушылардың биологиядағы жетістіктеріне оң әсерін растады және авторлар ұсынған гипотезаларды растады. Бұл мақалада электронды оқыту құралдарын білім беру үдерісінде қолдану және орта мектептерде биологияны оқытуды байыту бойынша құнды ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар берілген.
Түйін сөздер: электрондық оқу құралы, биология, қорытынды емтихандар, Ұлттық бірыңғай тестілеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, дербес оқыту, интерактивті технологиялар.