Болашақ педагог-психолог тұлғасын қалыптастырудағы медиамәдениеттің тәрбиелік әлеуеті

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024v80.i3.010
        35 29

Аннотация

Қазіргі қазақ қоғамы үшін рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарға негізделген медиамәдениет арқылы жастарды тәрбиелеу өзекті зерттеу мәселесі болып табылады. Мақалада студенттер тұлғасын қалыптастырудағы медиамәдениеттің тәрбиелік әлеуетінің мүмкіндіктері,  мәні мен  маңызының  зор екендігі талданды. Аталмыш зерттеу барыснда жастардың өзгермелі әлемде сенімді және табысты болуына  қажетті дағдыларын дамытатын және рухани ойлауы мен табысты әлеуметтендіруге  бағытталған телебағдарламалардың тәрбиелік қырлары қарастырылды. Сондай-ақ, мақалада медиамәдениеттің студенттерге тәрбиелік ықпалын зерттеуге бағытталған эмпирикалық зерттеудің нәтижелері берілген. Әрі ұлттық телеарналардың қоғамдағы, тұлға қалыптастырудағы рөлі нақтыланды. Зерттеуіміздің тәжірибелік бөлімінде жүргізілген сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, телебағдарламалардың сапасы, болашақ мамандардың  бұқаралық санасы мен тәрбиесіне  әсері мол екені айқындалды. Сауалнамаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түрлі факультеттерінен 210 студент қатысты. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, оқытушылардың қатысуы, бағдарламаларды құруға жоғары білікті мамандарды тарту бұқаралық сана мен жастардың тәрбиесіне әсер етуі мүмкін екендігі дәлелденді. Сондай-ақ, зерттеу барысында талдау, сұрыптау, сұрақ қою, диагностика, педагогикалық эксперимент, математикалық және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.

Түйін сөздер: қоғамдық пікір, телеарна бағдарламасы, медиамәдениет, тұлға тәрбиесі, ұлттық телеарна, тәрбиелік әлеует.

Авторлардың биографисы

А. Масимбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

«8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы қ., Қазақстан,  e-mail: masimbaeva72@mail.ru)

А. Дүйсенбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

п.ғ.к., педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы қ., Қазақстан,  e-mail: adk7575@mail.ru)

А. Турлыбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

«7M01106 – Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан,  e-mail: turlybaeva.2000@mail.ru)

С. Ертисова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан,  e-mail: e.s.bolatovna@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Масимбаева, А., Дүйсенбаев, А., Турлыбаева, А., & Ертисова, С. (2024). Болашақ педагог-психолог тұлғасын қалыптастырудағы медиамәдениеттің тәрбиелік әлеуеті. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 80(3), 126–139. https://doi.org/10.26577/JES2024v80.i3.010

Шығарылым

Бөлім

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі