Жоғары сынып оқушыларының қазақша ауызекі тілде сөйлеу дағдыларына дауыстық блогингтің әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES20247801014Аннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты қазақ тілін шет тілі ретінде оқытатын Қазақстандағы орыс тілді жоғары сынып оқушыларының ауызша сөйлеу деңгейіне дауыстық блогингтің 12 апталық курсының әсерін бағалау болды. 84 оқушы кездейсоқ тәсілмен қазақ тілінің сыныптан тыс сөйлеу практикасынсыз стандартты мектепте оқыған білімі негізінде бақылау тобына, сондай-ақ қатысушылары апта сайын сабақтан тыс уақытта дауыстық хабарламалар жазып, WhatsApp-қа жолдап отыратын эксперименттік топтарға бөлінді. Екі топ қатысушыларының ауызша қазақшасы эксперименттік жұмысқа дейін және одан кейін сөйлеудің күрделілігі, еркін сөйлеуі мен дәлдік көрсеткіштері негізінде бағаланды. Сонымен қатар эксперименттік топтың білім алушылары эксперименттен кейін олардың өтілген курсты қабылдауы туралы нәтижені анықтау үшін сауалнама толтырды. Алынған нәтижелер бойынша зерттеу аяқталғаннан кейін эксперименттік топтағы оқушылар бақылау тобымен салыстырғанда қазақ тілінде сөйлеудің күрделілігі мен еркіндігінің едәуір жоғары деңгейін көрсетті. Алайда эксперимент барысы сөйлеудің дәлдігіне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Дауыстық блог туралы мектеп оқушылары оң пікір білдірді. Нәтижелер аудиоблог жүргізу шет тілінің сөйлеу дағдыларын жақсартудың тиімді және қызықты әдісі деген тұжырымды растады.
Түйін сөздер: L2 деңгейіндегі ауызекі сөйлеу тілі, қазақ тілі, ауызша орындау, аудиоблогинг, екінші тіл.