Халық қаһармандары үлгісінің мектеп оқушыларының патриоттық тәрбиесіндегі рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.05Аннотация
Мақалада мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі халық қаһармандары үлгісінің рөлі қарастырылған. «Патриотизм» ұғымы мектеп оқушыларының патриоттық мәдениетін қалыптастырудың базалық компоненті болып табылады. Патриотизм туралы ғылыми білімдерді, әдістер мен тәсілдерді сыни тұрғыда түйсіну патриоттық тәрбие беру саласындағы қызмет жүйесіне рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу бойынша өзгерістер енгізудің және мектеп оқушыларының патриоттық мәдениетін қалыптастырудың тұжырымдамасын жасаудың қажеттілігін талап етеді. Бұл мақалада мектептегі оқу пәндерінің оқушылардың патриоттық тәрбиесіндегі рөлін айқындап, көрсетуге ұмтылыс жасалады.Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру үдерісі
зерттеу нысаны болып табылады. Зерттеу пәні – мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруде халық қаһармандары мен шейіттердің үлгілерін пайдалану тәсілдері.
Зерттеудің мақсаты - халық қаһармандары және Қарабақ шейіттерінің үлгісінде оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін талдау, мектепте патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыру мазмұнының жаңа моделін жасау, оны жүргізудің технологиясын анықтау, сонымен қатар патриотизмге тәрбиелеудің тиімділігінің шарттарын ашып көрсету.
Мақала шолу сипатында жазылған. Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында халық қаһармандарының үлгілерін мектеп оқушыларының патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың арнайы зерттеу нысаны болмағандығы, бірақ бұл мәселенің кейбір сұрақтарына жекеленген зерттеулерде назар аударылғандығы байқалды. Бізді қызықтыратын мәселенің шектеулі шеңберде қарастырылуына орай, оны кешенді түрде зерттеуге ұмтылдық.
Автор патриоттық тәрбие беру жүйесін «Отан тарихы», «Ана тілі» , «Әдебиет» сияқты
пәндер арқылы талдайды. Патриоттық тәрбие берудің кешенділігі оның мазмұнының
көпжоспарлы сипатымен айқындалады. Сол сияқты патриоттық тәрбие берудің
кешенділігі оның уақыттық жақтауларының жоқтығымен де дәйектеледі.
Түйін сөздер: патриоттық тәрбие, халық қаһарманы, мектептегі тәрбие, батырларға ұқсау,
Отанға деген сүйіспеншілік.