Жоғары оқу орындарында О.Бальзактың «Гобсек» повесін аударма шығарма ретінде оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

Авторлар

  • B. Аrinova Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.
  • К. Аbildayeva Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.011
        149 162

Аннотация

    Мақалада шығармаларының  көбі француз провинциялары, кедейлер мен ақсүйектер өміріне арналып, әлеуметтік қайшылықтарды суреттеген философиялық новеллалар түрінде басылып шыққан Оноре де Бальзактың «Гобсек» повесін  аударма шығарма ретінде оқытудың әдістемелік  мәселелері қарастырылады.  Қазақ әдебиетіндегі аударма шығармалардың мәдениет пен өркениеттің дамуына, оқырмандық қызығушылықтарының  кеңеюіне тигізетін әсері, әдеби байланыс ретіндегі маңызы талданады. Қазіргі оқыту үдерісінде  студенттердің шығармашылық қабілетінің дамуына, өздігінен проблеманы зерттей алуларына ықпал ететін  инновациялық-технологиялық әдістерді тиімді қолдану арқылы өсімқор Гобсектің бейнесі талданып , туындының негізгі идеясы, көркемдік ерекшеліктері сипатталады.    

      Жоғары мектептегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде қолданылатын интербелсенді әдістердің  шеңберінде басты кейіпкер Гобсектің бейнесін жан-жақты ашудың жолдары көрсетіледі. Философиялық, әлеуметтік проблемалық  сұрақтарды талқылауда сыни ойлау мен диалогтік оқыту туралы әдіскер ғалымдардың пікірлері назарға алынады. Авторлар  кейіпкер образын ашуда практикалық семинар сабақтарында  пайдаланылатын әдістердің ішінде «Кейіпкерлер әлеміне» кесте жасау тапсырмасын үлгі ретінде қолданады. Сонымен қатар Бальзактың «Гобсек» повесінің негізгі идеясын  толық меңгерту, кейіпкер бейнесін әр қырынан ашу мақсатымен жасалған төрт топқа берілетін топтық жұмыс тапсырмалары арқылы студенттердің сыни ойлауын дамытуға үлес қосарлық арнайы зерттеу  жұмысы жүргізіледі. Мақалада сол сияқты Гобсек бейнесін ашуға қажетті сауалнама құрастырылып, студенттердің қол жеткізген  оқу нәтижелері көрсетіледі.  Экспериментке Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 63 студенті қатысты. Мақалада эксперименттік жұмыстың нәтижелері берілген.

     Түйін сөздер: көркем шығарма, аударма, кейіпкер, оқыту әдістемесі, сыни ойлау, диалогтік оқыту, тәсіл, дағды, т.б.

Жүктелулер

Как цитировать

Аrinova B. ., & Аbildayeva К. . (2023). Жоғары оқу орындарында О.Бальзактың «Гобсек» повесін аударма шығарма ретінде оқытудың әдістемелік ерекшеліктері . ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 77(4), 119–130. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.011