Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру технологиялары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.07Аннотация
Мақалада жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылған. Жасөспірімдер ерекше әлеуметтік топ ретінде қазіргі қоғамдағы теріс ағымдардың ықпалына бейім. Мектеп оқушыларының бос уақытында жағымды және жағымсыз жағдайлары мен мінез-құлқы барынша айқын көрінеді, олар әлеуметтік өзгерістердің зардаптарына көбірек бейім. Жасөспірімдердің тәуекелге баратыны белгілі; жасөспірім үшін экстремалды болу – заман ағымына ілесу, ілгерілеу, даму. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің бос уақытын өткізу құралдары – әлеуметтік желілер (Instagram, Tik-tok, YouTube), қоғамдық коммуникация алаңдарының кеңістігі, жастардың қоғамдық коммуникация платформаларына тәуелділігі дамуы мүмкін. Сондықтан бұл платформалар кеңістігіндегі ақпараттың сапасы, оның мінез-құлқына, қарым-қатынасына, балалардың тұлғалық дамуы мен рухани-адамгершілік тәрбиесіне әсері мұғалімдер мен жұртшылықтың қосымша ізденісін, жұмысын талап етеді. Интернетте көбірек уақыт өткізетін жасөспірімдер, ең алдымен, достарымен, ересектермен және ата-аналарымен қарым-қатынасын жоғалтады. Компьютерлік технология дәуірінде адамдар виртуалды қарым-қатынасқа басымдық бере бастады. Қысқа хабарламалар арқылы жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасты шектеу, сөздік қорын қысқарту, орфографиялық ережелерді сақтау т.б мәселелер туындайды.Жасөспірімдердің мінез-құлқының құбылмалы болуына байланысты олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, хоббиін дамыту, түрлі тәрбиелік шараларды ұйымдастыру қажет. Алматыда 7-8 сынып оқушыларының 100 оқушысы шығармашылық пен көпшілдік деңгейін анықтауға арналған диагностикалық зерттеуге қатысты. Жасөспірімдермен «Қолжетімді демалыс» жобасы жүзеге асырылды, оған мектеп оқушылары мұражайлар мен кітапханаларға барып, оларды волонтерлік қызметке тартады.
Түйін сөздер: жасөспірімдік кезең, бос уақыт, коммуникация, технология, Instagram, Tik-tok, YouTube, коммуникациялық платформа, әлеуметтік топ, қарым-қатынас, рекреация, әлеуметтік тәуекел, хобби.