«Адам ресурстарын басқару» курсын оқу барысында өзіндік таным құзыреттілігін дамыту

Авторлар

  • Г.Р. Мурзахметова Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024790201

Аннотация

 Мақалада қазіргі уақытта бизнестің әртүрлі салаларындағы және әртүрлі деңгейдегі менеджерлердің, кәсіпкерлердің, жұмыс берушілердің назарындағы өзіндік таным құзыреттілігін іскерлік әкімшілік магистратурасының (MBA – Master of Business Administration) білім беру бағдарламасына интеграциялау мен зерттеу нәтижелері ұсынылған. Өзіндік танымға қатысты қызығушылықтың артуына қарамастан, оның әлі де жоғары кәсіби білім беру үрдісінде нақты мазмұны, құндылығы, динамикасы мен меңгеру технологиясы бар құзыреттілік ретінде анықталмауы зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығын сипаттайды. Мақала авторы МВА «Адам ресурстарын басқару» білім беру бағдарламасының мазмұнын ақпараттық және технологиялық дамыту стратегияларымен байыту мәселелері бойынша құзыретті және зерттеуді анықтау (Achene Research) тәжірибесін ұсынады. Зерттеу бақылау, теориялық дереккөздерді және практикалық психолог-кеңесшілердің жарияланымдарын талдау, магистранттар қызметінің өнімдерін зерделеу, магистранттардың өзін-өзі бағалауы, сараптамалық бағалау сияқты әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылды. Зерттеудің практикалық бөліміне Қазақстан-Британ техникалық университетінің магистранттары қатысты.Зерттеу нәтижесі МВА-білімі мазмұнындағы «өзіндік таным» ұғымын құзыреттілік көзқарас тұрғысынан нақтылау және іскерлік әкімшілік магистрлері үшін өзіндік таным мазмұны мен технологиясының өзекті мәселелерін, іскерлік әкімшілік магистрлерінің өзіндік таным қызметіне қатысу түрлерін, іскерлік әкімшілік магистрлерінің өзіндік таным құзыретін дамытатын оқу жағдайларын анықтау. Мақалада ұсынылған зерттеу нәтижелері MBA білім беру бағдарламаларының мазмұнына өзіндік таным құзыреттілігін интеграциялау әдістемесі мен технологиясына қосылған үлес.

Түйін сөздер: таным, өзіндік таным, тұлғааралық қарым-қатынас, іскерлік қатынастар, өнімді жұмыс ортасы, іскерлік қатынастар психологиясы, білім берудегі коучингтік тәсіл, тиімді коммуникациялар, іскерлік әкімшілік магистратурасы.

 

 

Жарияланды

2024-06-20

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер