Студенттердің фрустрация жағдайындағы қарым-қатынасын зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.4Аннотация
Педагогикалық зерттеу проблемаларының бірі фрустрация сезімінің пайда болу себебін нақты түсінбеумен байланысты. Фрустрация жоғарғы білім беру жүйелеріндегі оқытудың салыстырмалы түрде аз зерттелген бөлігі болып табылады. Фрустрация жағдайы студенттердің психикалық жай-күйін өзгертіп ғана қоймай, академиялық үлгерімдері мен құрдастарымен қарым-қатынастарына да әсер етеді. Көңілсіздік сезімін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттердің кең спектрі мен әртүрлі факторлар кездеседі. Академиялық қысым, тұрақты қиындықтар және оқудағы кедергілерге және т.б. жағдайлар көңілсіздік сезімінің артуына, күйзеліске, өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне және оқуға мотивацияның болмауына әкеледі.
Бұл мақалада көңілсіздік пен оның оқушылардың мотивациясы мен үлгеріміне әсері арасындағы байланыс зерттелген. Мақалада студенттердің фрустрация деңгейі мен фрустрация жағдайындағы қарым-қатынастарының мазмұнын зерттелді. Мақалада студенттердің көңіл-күйіне салыстырмалы талдау жасалынып, С. Розенцвейгтің фрустрациялық реакция сынағы, Р. Хейвигхерс пен Э. Эриксонның сауалнамасы әдістері қолданыла отырып фрустрация жағдайларының көрсеткіштері анықталды.
Зерттеу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында өтті. Зерттеуге 17 бен 27 жас аралығындағы жалпы саны 68 студент, оның ішінде 44 қыз және 24 ұл бакалавриат және магистрант студенттері қатысты.
Түйін сөздер: фрустрация, көңілсіздік, стресс, мотивация, талдау, жеке қасиеттер, студент жастарды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу.