CLIL технологиясының болашақ биология мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігіне әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES20247801013Аннотация
Мақалада биология мұғалімдерін даярлаудың білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL) технологиясының әсері қарастырылады. Болашақ биология мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ағылшын тілінде оқытылатын биология сабақтарында CLIL технологиясын қолданудың тиімділігі теориялық тұрғыдан негізделген.
Мақалада жоғары білім контекстінде жо,ары курс студенттерінің интеграцияланған оқыту технологиясын қабылдауын бағалау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелері келтірілген. Студенттердің CLIL технологиясының мәнін, оны қолдану ұзақтығын, қолданудың артықшылықтары мен қиындықтарын түсінуі, сондай-ақ болашақ биология мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруына әсері талданады. Сауалнамаға Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері қатысты. Сауалнама нәтижелері университеттердің білім беру процесіне CLIL технологиясын енгізудің перспективалары мен қиындықтарын анықтады. CLIL сабақтары ана тілінде оқытылатын биология сабағын толығымен алмастыра алмайды, тек оны толықтыра алады. Биологияны шет тілімен интеграцияланған оқыту-үш тілді білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді тәсілі. Мақалада білім беру және мәдениетаралық коммуникация саласындағы болашақ мұғалімдер мен зерттеушілерге маңызды ұсыныстар берілген.
Түйін сөздер: CLIL технологиясы, пән мен тілді кіріктіріп оқыту, болашақ биология мұғалімі, әдістемелік тәсілдер, көпмәдениетті тұлға.