Инклюзивті білім беруде SCRATCH – программалау ортасын жобаға бағытталған оқыту практикасында қолданудың ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024v80.i3.09
        65 40

Аннотация

Цифрлық сауаттылық әр оқушының ерекше қажеттіліктеріне бейімделе алатын, білімге тең қол жетімділікті қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру кеңістігін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептерде информатика саласының пәндерін оқыту нәтижесінде компьютерлік бағдарламалар арқылы, мысалы Scratch – ортасында инклюзивті оқытуда сәтті қолданылатын жобалар мен педагогикалық әдістердің нақты мысалдары қарастырылмаған. Қазіргі таңда, бағдарламалық құралдар арқылы ерекше балалардың есептеу, ойлау дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, зерттеу жұмысына инклюзивті білім беруде scratch – программалау ортасын жобаға бағытталған оқыту практикасында қолданудың ерекшеліктерін анықтау мақсаты қойылды. Бұл мақсатқа жету үшін алдымен ғылыми жарияланымдарға талдау жүргізілді, әлемдік зерттеулерге шолу жасалды. Жалпы білім беретін мектептердің жобалық оқыту әдісінің жағдайлары анықталып, тәжірибесі талданды. Екіншіден Scratch – программалау ортасында құрастырылған оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін қалыптастыратын жобалық тапсырмалар оқу бағдарламасы әзірленді. Құрастырылған оқу бағдарламасы бойынша сыныптың «Scratch ортасында программалау» сабағын жүргізу арқылы жобаға бағытталған оқыту әдісінің тиімділігі анықталды және практикалық түрде жүзеге асыру жолдары енгізілді.

Ұсынылған оқыту бағдарламасына қосымша «Scratch – ортасында жоба құру» практикалық тапсырмалар жинағы оқу-әдістемелік құралы әзірленіп, оқу үрдісіне енгізілді және ұсынылған оқыту әдістерінің тиімділігі эксперимент нәтижесінде анықталды. Программалау ортасының мүмкіндіктерін зерттеу және оны жобаға бағытталған әдіс арқылы оқыту қарастырылған.

Түйін сөздер: Инклюзивті орта, жобаға бағытталған оқыту, Scratch – программалау ортасы, информатика, цифрлық сауаттылық, оқыту әдістемесі, ерекше білім беру қажеттілігі.

Авторлардың биографисы

А. Ерсултанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

«Информатика» білім беру бағдарламасының докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан, e-mail:  aitkul.yersultanova@mail.ru) ORCID: 0000-0003-4770-6265

Н. Карелхан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

PhD доктор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан, e-mail: knursaule@mail.ru.)

Жүктелулер

Как цитировать

Ерсултанова, А., & Карелхан, Н. (2024). Инклюзивті білім беруде SCRATCH – программалау ортасын жобаға бағытталған оқыту практикасында қолданудың ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 80(3), 114–124. https://doi.org/10.26577/JES2024v80.i3.09