Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамытуда «Робо diy» технологиясын қолданудың тиімділігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.18
        13 4

Аннотация

  Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтары мен білуге құмарлығын дамыту, дербестігін ескеру, сын тұрғысынан ойлайтын балаларды қалыптастыру қазіргі таңдағы білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты мектепке дейінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мақсаты - қазіргі балалардың ақпараттық, коммуникациялық құралдардың жылдам даму кезеңінде өмір сүруіне байланысты мектеп жасына дейінгі кезден бастап балаларды сол құралдармен жұмыс жасауға қабілетті етіп тәрбиелеу. Сонымен қатар балалардың техникалық құралдарға және оларды құрастыруға деген танымдық қызығушылығын дамыту.

        Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамытуда «Робо DIY» технологиясын қолданудың ерекшеліктері қарастырылған. Ғылыми зерттеулерді талдай отырып «Робо DIY» ұғымына анықтама берілген. Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының деңгейін, құрастыру деңгейлері мен өз бетінше әрекет ету дағдыларын анықтауға бағытталған диагностикалық әдістемелер жүргізілген. Зерттеу нәтижесі баяндалып, балалардың танымдық қызығушылығын құрастырудың жаңа инновациялық тәсілі арқылы дамытудың тиімділігі көрсетілген. Технологияның балалардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға ғана емес, сонымен қатар ойлаудың дербестігін қалыптастыруға, білімді кеңейтуге, дағдыларды бекітуге, іскерлікті игеруге, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал ететіндігі баяндалады. Авторлар «Робо DIY» технологиясының қазіргі ақпараттық қоғамда сұранысқа ие негізгі құзыреттерді дамытуға ықпалын негіздейді.

 Түйін  сөздер: танымдық қызығушылық,  конструктивті ойын, инженерлік ойлау, робототехника, «Робо DIY», STEM білім беру.

Авторлардың биографисы

А. Манкеш, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

п.ғ.д., профессор, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедарысының профессор оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, email: a.mankesh@mail.ru)

А. Ауезова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы» мамандығының докторанты,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, email: aizhan.auezova@mail.ru)

Mехмет Акиф Созер, Гази университеті, Анкара қ., Түркия

профессор, доктор, Гази білім беру факультетінің, негізгі білім бөлімінің апрофессор оқытушысы, Гази университеті (Түркия, Анкара, email: akif@gazi.edu.tr )

А. Абилжанова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы» мамандығының магистранты,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, email: miss.abilzhanova2604@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Манкеш A., Ауезова A., Акиф Созер M. ., & Абилжанова A. (2024). Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамытуда «Робо diy» технологиясын қолданудың тиімділігі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 81(4), 210–222. https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.18