Шетел тілін оқыту үдерісінде АКТ-ны пайдалану студенттерді шығармашылық белсенділікке дайындау құралы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES20247902013Аннотация
Мақалада шет тілін оқыту үдерісінде АКТ-ны пайдалану студенттерді шығармашылық белсенділікке дайындау құралы ретінде қарастырылады. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар әртүрлі ақпарат көздерін іздеуге, өңдеуге және меңгеруге, түрлі бағдарламаларды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл болашақ шет тілі мұғалімдері ретінде студенттердің тілдік материалдарды сөйлеу түрінде қолдану үшін меңгеруін, жеке мәлімдемелерді қабылдау және оларды логикалық байланыста қолдану арқылы сөйлеу, тілді қолданудағы олқылықтарды ауызша және вербальды емес өтеу мүмкіндігін және тілдің әлеуметтік-мәдени контекстімен танысу дәрежесін, шығармашылық белсенділікке дайындығын қалыптастырады.
Ақпараттық-білім беру ортасының келесі сипаттамалары бөліп көрсетіледі: жүйелілік (тұтынушы талап ететін білім беру бағдарламаларын құру, барлық циклдің пәндері үшін бағдарламалық-әдістемелік құралдар кешенін дайындау); мультимедиялық құралдар (оқу материалын визуализациялау, компьютерлік бағдарламалардың логикалық құралдары мен телекоммуникация мүмкіндіктері негізінде студенттермен интерактивті өзара әрекеттестігін ұйымдастыруды бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа дидактикалық сапасын арттыру); оқыту мазмұнына қойылатын талаптар (оқулықтар мен оқу құралдарының қолжетімділігі, оқытушылар мен білім алушылар талаптарын және олардың қоршаған орта элементтерін белсенді түрде өзгерту мүмкіндіктерін ескеру). Диагностикалық зерттеуге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 99 студенті қатысты. Э.Тунник сауалнамасы, сонымен қатар, оқу үдерісінің тиімділігі туралы авторлық сауалнама туралы студенттердің пікірлері арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуеті бағаланды.
Түйін сөздер: шығармашылық, белсенділік, шығармашылық белсенділік, тұлғаның белсенділігі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электронды білім беру ресурстары, сандық білім беру ресурстары, мультимедиялық құралдар, білім беру ортасы.