«Қазақстан қалалары» модулін оқытуда “төңкерілген класс” әдісінің тиімділігін саралау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.14Аннотация
Қазіргі білім беру білімді белсенді игеруге, аналитикалық қабілеттерді дамытуға және студенттердің мотивациясын арттыруға ықпал ететін инновациялық әдістерді іздеуді талап етеді. Осындай тәсілдердің бірі – "төңкерілген класс"әдісі. Бұл әдіс студенттердің сабаққа дейінгі оқу материалын алдын-ала оқуына және оны аудиторияда тереңдетуге негізделген. Зерттеулер студенттерге оқытудың осы әдісінің артықшылықтарын көрсетеді: білімді олар үшін ыңғайлы қарқынмен игере отырып, Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының жоғары деңгейіне жетеді, ынтымақтастық, коммуникация және Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дағдыларын дамытады және жақсартады. Мақалада қалаларды оқытуда "Төңкерілген класс" әдісінің тиімділігі, ерекшелігі, артықшылықтары мен кемшіліктері сараланады. Қазақстан қалаларын дәстүрлі оқытуда дәрісте көптеген мәселелер қарастырылмайды. Ал "төңкерілген класс" әдісімен студент тиянақты білім алуға мүмкіндігі зор екендігі анықталды. Ол үшін эксперименттік және бақылаушы топтардың білімдері салыстырылды. Эксперимент аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар сауалнамаларды толтырды. Сауалнама нәтижелері негізінде оқытуға төңкерілген сынып әдісін енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. Олардың оқуға қанағаттануы мен тиімділігі туралы сауалнама нәтижелерінде Лайкерт шкаласы қолданылды. Алынған нәтижелер негізінде оқытуда "төңкерілген сынып" әдісін қолдану бойынша ұсыныстар жасалды. Оқытушыларға цифрлық ресурстарды белсенді пайдалану, интерактивті сабақтарды жоспарлау және студенттердің дайындық деңгейін ескеру ұсынылады.
Түйін сөздер: төңкерілген класс, аралас оқыту, Б. Блумның таным деңгейлері, сыни тұрғыдан ойлау, қала халқы туралы білім жүйесі.