Жасанды интеллект технологиясын сурдопедагогикада қолдану мүмкіндіктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.11
        50 12

Аннотация

Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қарқынды дамуы білім беру мен денсаулық сақтау сияқты салаларды айтарлықтай өзгертеді. ЖИ үшін перспективті бағыттардың бірі – сурдопедагогика. Білім беруде есту қабілеті нашар адамдар үшін қолдау көрсететін сектор. Дәстүрлі түрде сурдопедагогика толық естімейтін немесе нашар еститін адамдар үшін оқуға және қарым-қатынасқа көмектесу мақсатында әдістер мен құралдарды пайдаланады. Дегенмен, бұл салаға ЖИ мүмкіндіктерін қосу оқу нәтижелерін жақсартуға және есту қабілеті нашар адамдардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ым-ишара тілін тану сияқты бағдарламалау жобалары коммуникацияның қолжетімділігін жақсартады. Дегенмен, техникалық аспектілерден басқа, ым-ишара тілі қолданылатын мәдени және әлеуметтік контексттерді де ескеру маңызды. Зерттеу жұмысының тұжырымдамасы ым-ишара тілін аудару үшін Python программасын зерттеу және қолдану болып табылады: ым-ишара таңбаларын тануға арналған компьютерлік көру және машиналық оқыту әдістерін талдау, сондай-ақ қимылдарды тану мақсатында кескіндерді өңдеуге арналған Python-да бағдарламалық құралды жасау. Терең оқыту мен машиналық оқытудың тәсілдеріне негізделген алгоритмдерді әзірлеу ым-ишара тілін тануға және аударуға қабілетті жүйені құруға көмектесті. Жобаны қамтитын негізгі төрт қадам: 1) Компьютерлік көру көмегімен қол сұлбасы анықталады; 2) Камера алдындағы қол қимылымен әріп көрсетіледі; 3) Анықталған нысанның машиналық оқыту арқылы қай әріп екені танылады; 4) Нәтиже экранда көрсетіледі. Әзірленген жүйе іс-қимылмен көрсетілген әріптерді жоғары дәрежеде анықтап, нәтижені экранға шығара алады. Бұл нәтижелер машиналық оқыту мен компьютерлік көрудің қоғамдағы пайдасы мен өзектілігін айқындайды.

Түйін сөздер: Ым-ишара тілі, python (программалау тілі), компьютерлік көру, машиналық оқыту.

Авторлардың биографисы

Н. Керімбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

п.ғ.д., профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: nurasil@mail.ru)

Р. Шадиев, Чжэцзян университетінің Педагогикалық колледжі, Ханчжоу қ. , Қытай

PhD доктор, профессор Педагогического колледжа Чжэцзянского университета, (Китай, эл.пошта: rustamsh@gmail.com)

A. Акрамова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

п.ғ.к., доцент, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: akramova_@mail.ru)

Қ. Адамова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

«Информатика» білім беру бағдарламасының докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: adamovaqarlygash@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Керімбаев N., Шадиев R., Акрамова A., & Адамова K. (2024). Жасанды интеллект технологиясын сурдопедагогикада қолдану мүмкіндіктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 81(4), 121–130. https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.11