Қазақстан мектептерінің түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша білім беру практикасы: мәселелері мен шешу жолдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024v80.i3.07
        40 23

Аннотация

Мақалада мектеп түлектерінің мамандық таңдаудағы, жастардың оқудан жұмысқа ауысуындағы, кәсіби бағдар берудегі қиындықтар мен соның салдары ретінде еңбек нарығындағы жоғары жұмыссыздық мәселелері қарастырылады. Аталған мәселелер әлемнің көптеген елдерін дерлік қамтиды. Мақала авторлары аталған жұмыссыздықтың өсуі мәселелерін білім беру жүйесінің жұмысындағы іргелі өзгерістермен және солардың нәтижесі әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен әлеуметтік теңсіздікке алып келуі мүмкін екендігін түсіндіреді.

Жоғарыда аталған мәселенің келесі қыры қазіргі білім беру практикасы көбінесе мемлекет пен қоғамның қалалық және ауылдық мектептің түлегінің  әлеуметтік-кәсіби өзін-өзі анықтау субъектісі ретінде қалыптастыруға тапсырысын қамтамасыз етпейтіні атап корсетілді. Себептер келесі факторларға байланысты:

- әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының арасыындағы өзара байланыстарының төмен деңгейі  кәсіби бағдарлаудың практикалық бағытталған түрлерін психологиялық диагностика  және кеңес берумен ауыстыруды тудырады;

- заманауи ақпараттық технологияларды есепке алмай, ескірген тиімсіз тәсілдерді қолдану және тағы басқалар.

Ұсынылған зерттеудің мақсаты аймақтық сипатта қалалық және ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларының болашақ жұмыспен қамту стратегиясы ретіндегі кәсіби қалауларының өзгеруін анықтау болып табылады.

Авторлар жүргізген сауалнама нәтижесінде мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізу әдістемесін жақсарту бойынша жоғары сынып оқушылары арасында дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын оңтайландыру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдалды. Бұл ұсыныстар жұмыспен қамту нарығындағы жаңа тенденцияларды ескере отырып, оқушылардың кәсіби қалауын анықтау бойынша жыл сайынғы мониторинг жүргізу мақсатында мектеп әкімшіліктері үшін әзірленген әлеуметтік сауалнама бағдарламалары мен құжаттардың негізін қалайды.

Түйін сөздер: білім беру, мектептер, түлектерді кәсіби даярлау, Оқушылардың кәсіби қалауы, мемлекеттік білім беру гранттары, өңірлер.

Авторлардың биографисы

М. Садырова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: msadirova58@gmail.com)

К. Мухтарова , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: karlusha777mukhtarova@gmail.com)

К. Макашева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: M.klara@mail.ru)

 

С. Иманбаева , Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: simanbaeva4@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Садырова, . М., Мухтарова , К., Макашева , . К., & Иманбаева , . С. . (2024). Қазақстан мектептерінің түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша білім беру практикасы: мәселелері мен шешу жолдары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 80(3), 87–102. https://doi.org/10.26577/JES2024v80.i3.07

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер