Вербалды емес қарым қатынас университеттегі тілдік сабақтарда коммуникативті құзыреттерді қалыптастыру құралы ретінде

Авторлар

  • Л.С. Канаева Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Казақстан педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.
  • В.Д. Нарожная Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Казақстан педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.
  • А.К. Дилдабекова Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Казақстан педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20247902016
        126 82

Аннотация

Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру жүйесі қарым-қатынастың күнделікті, әлеуметтік, кәсіби және мәдениетаралық деңгейінде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде коммуникативті әрекетті жүзеге асыруға дайын, бәсекеге қабілетті көптілді түлек дайындауды көздейді. Мақалада университеттегі көпмәдениетті оқу топтары контекстінде вербалды емес коммуникация құралдарының функциялары қарастырылады, олардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері сипатталады, маңызды ақпарат беретін және халықтың менталитетін, мәдениетін, моральдық-адамгершілік көзқарастарын түсіндіретін вербалды емес белгілердің рөлі анықталады.

Коммуниканттың ішкі-психологиялық жай-күйін көрсететін немесе оның қарым-қатынас серіктесіне деген көзқарасын көрсететін орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі ым-ишара құралдарын салыстырмалы талдау оларда халықтың тарихи тәжірибесі, шаруашылық және еңбек қызметіне, адамдардың тұрмысы мен мәдениетіне байланысты ұғымдар айқын көрініс табатынын көрсетеді. Басқа этностар өкілдерінің вербалды емес қарым-қатынас құралдарын түсіну және пайдалану қабілеті өзара түсіністік пен өзара сыйластыққа, тұлғааралық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Вербалды емес қарым-қатынас құралдары әр түрлі мәдениеттердің жалпыға белгілі ұғымдары мен этикалық құндылықтарын бейнелегенде әмбебап бола алады, ал егер олар жеке этносқа тән ұлттық бірегейлікті жеткізсе, оның қоршаған әлемді философиялық тұрғыдан түсінуін ғана сипаттайды. Осыған байланысты мақалада салыстырылатын тілдердің вербалды емес қарым-қатынасының семантикалық ерекшеліктері талданады және олардың оқу үдерісіндегі маңыздылығы студенттерде руханият, адамгершілік, патриотизм, интернационализм, үлкендерге құрмет, толеранттылық сияқты құндылық бағдарларының мәдени коды негізінде қалыптастыру мақсатында анықталады, оқу, жазу, сөйлеу, түсіну сияқты оқытудың маңызды аспектісі болып табылатын коммуникативті мінез-құлықты қалыптастыру мәселелерін талқылайды. Зерттеудің тәжірибелік бөліміне Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 250 студенті қатысты.

Түйін сөздер: вербалды емес семиотика, ым-ишара қарым-қатынасы, коммуникативті мінез-құлық, мәдени код, ұлттық-мәдени ерекшеліктер, әлем бейнесі.

 

 

Жүктелулер

Как цитировать

Канаева, Л. ., Нарожная, В. ., & Дилдабекова, А. . (2024). Вербалды емес қарым қатынас университеттегі тілдік сабақтарда коммуникативті құзыреттерді қалыптастыру құралы ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 79(2), 191–200. https://doi.org/10.26577/JES20247902016

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы