Ана тілі мен аударма тапсырмаларын қолдану тәжірибесі мен қабылдауы: қазақстандық орта мектептердегі ағылшын тілі мұғалімдерімен фокус-топтық сұхбаттың тақырыптық талдауы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024v80.i3.014Аннотация
Монолингвалды оқыту әдісі 20-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап қазіргі уақытқа дейін ағылшын тілін оқыту (ELT) әдебиеті мен ғылыми зерттеулерінде дәстүрлі түрде оңтайлы әдіс ретінде қарастырылып келді. Дегенмен, кейінгі кезде басым ELT теориясы ағылшын пәні сыныптарында бақыланатын шынайы оқу үдерісін әрдайым дәл бейнелей бермейтіні туралы хабардарлық артып келеді. Сондықтан, бұл мақала ағылшын тілі сабағында оқушылардың ана тілін (L1) және аударма тапсырмаларын қолдануға қатысты мұғалімдердің тәжірибелері мен қабылдауларын зерттейді. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстанның орта мектептерінде жұмыс істейтін ағылшын тілі мұғалімі мақсатты іріктеу әдісі арқылы таңдалып алынып, олармен фокус-топтық сұхбат жүргізілді. Сұхбат деректерін талдау үшін тақырыптық анализ әдісі қолданылды. Тақырыптық анализ үш негізгі тақырыпты анықтауға және егжей-тегжейлі сипаттауға мүмкіндік берді: (1) ана тілі арқылы ағылшын тілін оқыту, (2) оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі және мұғалімнің ана тілін пайдалануы, сондай-ақ (3) монолингвалды оқытудың кемшіліктері. Әрбір тақырып пен ішкі тақырыптар сұхбат дәйексөздерімен расталады және ағылшын тілін оқыту әдістемесі мен тиісті зерттеулерге сүйене отырып талқыланады.
Түйін сөздер: ағылшын тілін оқытуда ана тілі рөлі, аударма тапсырмалары, транслингвалдылық, көп тілді оқыту, мұғалімдер тәжірибесі, фокус-топ, тақырыптық талдау.