Оқушылардың бағдарламалау бойынша оқуын ынталандыру үшін дербестендірілген оқыту
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.6Аннотация
Қазіргі орта мектептің оқу бағдарламасы инфорпматика пәнін негізгі пәндердің бірі ретінде басты назар аударып, оның ішінде бағдарламалау негіздері бөлімін қамтиды. Оқушылар оқып жатқан ұғымдар арасындағы байланыстарды түсінбей, оқулықтағы қадамдарды орындау арқылы компьютерлік кодты жазады. Осыған байланысты көптеген оқушылардың тіпті ең қарапайым бағдарламалау идеяларын түсіну қиынға соғады. Бұл оларға негізгі бағдарламаларды әзірлеуді қиындатады және сайып келгенде, неғұрлым күрделі идеяларды меңгеріп, түсінуді қиындатады. Осыны ескере отырып, бұл зерттеу оқу қиындықтары, оқу қалауы және сынып деңгейлері сияқты бірегей оқушылар деректерінің әртүрлі көздеріне негізделген дербестендірілген оқу ортасын ұсынады. Тесттерге жауап беруді талдау оқушыларға кездесетін оқу қиындықтарын анықтауға көмектеседі. Одан басқа, әр оқушының ерекше оқу түріне сәйкес көрсету стилін реттеу үшін оқу стильдері сауалнамасы қолданылады. Әр оқушының оқу ресурстары да олардың орындау деңгейіне қарай реттеледі, ол үш деңгейге бөлінеді: жоғары, орташа және төмен. Деректерді талдауға сәйкес, дербестендірілген оқу ортасын пайдаланған оқушылар бағдарламалау негіздерін меңгеруде табысты болды. Зерттеуге сапалы тесттік талдаудан басқа, оқушылардың көзқарастары, қатысуы, қанағаттануы және дербестендірілген оқу қалауы бойынша сандық сауалнамалар қамтылды.
Оқушылардың қабілеттері мен оқу нәтижелерін арттыру мақсатында Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушыларын қатыстыра отырып, дербестендірілген оқытудың эмоционалдық-психологиялық құрамдас бөліктеріне назар аударылды.
Түйін сөздер: индивидуалды әдіс, бағдарламалау дағдысы, дербестендірілген оқыту.