Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы артпедагогика

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.3
        39 11

Аннотация

Қоғам дамыған сайын   шығармашыл тұлғаға сұраныстың өсуіне сай    білім беру үдерісінде   тұлғаның шығармашылық қабілеттерін   арт технологиялар арқылы  дамыту өзекті. Аталмыш мақалада мектепке дейінгі ұйымдардың білім мен тәрбие беру  жүйесінде  артпедагогика арқылы тәрбиеленушілердің  шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекшеліктері мен мүмкіндіктері талданады. Өйткені,  балалардың  шығармашылық қабілеттерін ашу,  дамытуда және  табысты әлеуметтендіруде арт технологияларды ерте жастан, яғни жастың сенситивті кезеңінде  қолданудың  мүмкіндіктері мол.Арт педагогика – қазіргі білім берудегі жаңа перспективалы бағыт әрі белсенділікке негізделген  жаңа білім беру стандарттарына сәйкес келеді.  Мақалада автор «артпедагогика», «шығармашылық», «қиял» және «шығармашылық қиял» ұғымдарын қарастырып, мәнін ашады. Аталған мәселенің шетелдік және отандық әдебиеттерде зерттелу жайына шолу жасайды.  Сонымен қатар, балабақша жағдайында  балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес   арт педагогика  әдістерін қолданудың мүмкіндіктерін, қажет шарттарын   талқылап,  өз тәжірибесін баяндайды. Артпедагогика   мәні мен мазмұны, теориялық негіздері зерделеніп  және оның тәрбиеленушілердің  шығармашылық қабілеттерін дамытудағы рөлі ашылады. Сондай-ақ, ғылыми-теориялық пайымдауларды тәжіриеде тексерудің әр кезеңіндегі бақылау және эксперименттік топтың   нәтижелерін  салыстырмалы түрде сандық көрсеткіштерімен келтіріп дәйектейді.  Эксперименттік жұмысқа 90 бала қатысты.   Автор  мәселе бойынша өз әдістемелік ұсыныстарымен бөліседі.

Түйін сөздер:   шығармашылық, қиял,  шығармашылық қиял, артпедагогика .

Автордың биографиясы

Р. Дабылтаева, «DiDi» жекеменшік балабақшасы, Алматы қ., Қазақстан

п.ғ.к., доцент, «DiDi»жекеменшік балабақшасының директоры  (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: Dabyltaeva@bk.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Дабылтаева, Р. (2025). Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы артпедагогика . ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 81(4), 27–38. https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.3

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер