Инклюзивті білім беру жағдайында логопед мамандарға психологиялық-педагогикалық қолдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258328
        170 50

Аннотация

Мақала мазмұнында инклюзивті білім беру жағдайында логопед мамандардың рөлі мен оларды кәсіби тұрғыдан қолдау мәселелері қарастырылған. Логопед мамандарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және олардың жұмыс сапасын арттырудың маңыздылығы сипатталған. Сонымен қатар инклюзивті білім берудің принциптерін жүзеге асыру барысында кездесетін қиындықтар мен кедергілерді жеңудің жолдары қарастырылған. Инклюзивті ортада жұмыс істейтін логопедтердің талаптары мен міндеттері талданған. Балалардың физикалық және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түзету жұмыстарын жүргізу үшін кәсіби білім, икем, дағдылар, сондай-ақ қажетті құралдар мен әдіс-тәсілдер ұсынылған. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру жағдайында логопед мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін оқу мекемелеріндегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың маңыздылығы ерекше анықталған.

Логопедтердің кәсіби даярлығын және әдістемелік білімін үздіксіз жетілдірудің маңыздылығы көрсетілген. Зерттеу аясында жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдау негізінде логопедтердің инклюзивті білім беру жүйесі туралы жан-жақтылығын арттыруға, олардың практикалық дағдылары мен кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған арнайы дайындық кезеңдері, семинарлар мен тренингтер, яғни нақты іс-шаралар ұйымдастырылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдану кезінде логопедтер кездесетін негізгі қиындықтар анықталды. Инклюзивті білім беру жағдайында логопедтердің кәсіби дайындығын жетілдіру және олардың қызметін дамыту мәселелері талданған.

Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, логопед маман, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, психологиялық-педагогикалық қолдау, құзіреттілік.

Авторлардың биографиясы

A. Казмагамбетов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

педагогика ғылымдарының докторы, профессор, e-mail: altaikaz@mail.ru

Д. Рамазанова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе , Қазақстан

философия докторы (Ph.D), жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының доценті, e-mail: ramazanova_dinar@mail.ru

М. Есенғұлова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе , Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), e-mail: ms.miko77@mail.ru

A. Тогайбаева, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе , Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), e-mail: aikat_76@mail.ru

К. Куанжанова , Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе , Қазақстан

философия докторы (Ph.D), жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының доценті, e-mail: kkt-87@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Казмагамбетов . A. ., Рамазанова D. ., Есенғұлова . M., Тогайбаева . A. ., & Куанжанова K. (2025). Инклюзивті білім беру жағдайында логопед мамандарға психологиялық-педагогикалық қолдау . ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 83(2), 97–108. https://doi.org/10.26577/JES20258328