Білім берудің цифрлық трансформациялануындағы кәсіби даму және педагогтердің цифрлық сауаттылығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2025854Аннотация
Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы цифрлық сауаттылық қазіргі білім беру кеңістігінде маңызды рөл атқарады. Мақалада педагогикалық үдерістегі білім берудің цифрлық трансформациясы, педагогтің кәсіби өсуіндегі инновациялық мүмкіндіктер талданады. Мақалада мұғалімдердің кәсіби өзін-өзі дамыту, ақпараттық және кәсіби дағдыларды дамыту мәселелеріне: педагогикалық менеджмент негізінде оқытуды басқару қабілеттері, интерактивті оқу ресурстарын құру дағдылары, ашықтық, мобильді типтегі мультимедиялық мазмұн формалары, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері, оқу нәтижелерін тексерудің жаңа педагогикалық әдістері, онлайн сабақтарды ұйымдастыру, білім беру процесінде синхронды және асинхронды өзара әрекеттесуді жүзеге асыру, білім алушылармен кері байланыс орнатуына назар аударылады. Зерттеу әдістері: әдебиеттерді талдау, сауалнама, Т. Д. Дубовицкаяның " студенттердің кәсіби бағдарлану деңгейін диагностикалау" тесі, т. б. әдістер. Зерттеудің эмпирикалық бөлімінде 90 мектеп мұғалімдері мен педагогикалық мамандықтар студенттеріне сауалнама жүргізілді.
Тәжірибелік-зерттеу жұмысының нәтижесінде цифрлық трансформация жағдайында педагогтердің кәсіби дамуындағы инновациялық мүмкіндіктерін сынақтан өткізу жөніндегі бағыттар айқындалды.
Түйін сөздер: білім беру, цифрлық трансформациялану, цифрлық сауаттылық, педагог, цифрлық білім беру ресурстары, кәсіби даму, интерактивті оқу ресурстары.
