Жоғары оқу орындарында мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы ағылшын прозасын оқыту

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258438
        57 16

Аннотация

Мақалада ЖОО-ның әлем әдебиет сабақтарында фильм нұсқаларының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылады. Онда ағылшын прозасын оқытуда шығарма желісі бойынша түсірілген кинофильмдерді қолдану тәжірибесі сипатталған. Мақалада әлем әдебиеті  сабағында көркем фильмдерді пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген. Студенттердің көркем әдебиетті оқуға деген ынтасының болмауы оқытушыларды алаңдатуы,  осыған орай оқу процесін тиімдірек әрі қызықты ету қажеттілігі сөз етіледі. Оқу мақсатына жету үшін сабақта кинофильмдерді пайдалану қажеттілігі ұсынылып, әдебиет сабақтарында видеофильмдерді қолдану тәжірибесі сипатталған. ЖОО-ның шетел әдебиет сабақтарында ағылшын тілінде жазылған прозалардың фильм нұсқалары арнайы қарастырылады. Ағылшын немесе орыс тіліндегі  фильмді көру барысында білім алушыларға берілетін тапсырмалар мен жұмыс әдістемесінің элементтері ұсынылады.  Жоғары мектепте білім беру процесінде қолдануға болатын ағылшын тіліндегі шығармалар негізінде түсірілген көркем фильмдердің тізімі жүйелі келтірілген. Сонымен қатар бейнефильммен жұмыс барысында ерекше назар аударуды қажет ететін аспектілер көрсетілген. Осы зерттеуде әдебиет сабақтарында көркем шығармалардың желісі бойынша түсірілген қойылымдарды қолданудың тиімділігі  ашылады. Шығарма  эпизоды мен кинофильмнің үзіндісін салыстырмалы талдау барысында студенттермен жұмыс жүйесі қамтылған. Көркем мәтін мен киноны салыстыру студенттерге өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауға, өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беретіні зерделенген. Салыстыру барысында эстетикалық талғамның дамитыны, өзіндік көзқарастың қалыптасатыны ескерілді.  Студенттердің әдеби қызығушылықтар шеңбері тереңдей түсетіні, сөйлеу дағдысын дамытуға үлкен мүмкіндіктер әкелетіні айқындалады. Зерттеудің эмпирикалық бөліміне Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 42 студенті қатысты. Мақала авторлары әлем әдебиеті шығармаларын экранизациялау  көркем мәтінге терең енумен қатар, эстетикалық сезім мен эстетикалық бағалауды қалыптастыруға ықпал етеді, талдау дағдылары мен шығармашылық ойлауды дамытады деген қорытындыға келді.

Түйін сөздер: жоғары мектепте оқыту, оқыту әдістемесі, электронды оқыту құралдары, бейнефильм, шетел әдебиеті.

Авторлардың биографиясы

К. Абилдаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы , Қазақстан

магистрант, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің филология институтының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: abildaeva.00@mail.ru)

Г. Огут Екер, Хаджеттепе университеті, Анкара, Түркия

PhD, Хаджетеппе университетінің Түрік фольклоры факультетінің профессоры (Анкара, Түркия, e-mail: eker@hacettepe.edu.tr )

Жүктелулер

Как цитировать

Абилдаева K., & Огут Екер G. (2025). Жоғары оқу орындарында мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы ағылшын прозасын оқыту. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 84(3), 93–105. https://doi.org/10.26577/JES20258438