Шет тілін оқытуда case study технологиясын қолдану арқылы әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES202584310Аннотация
Мақалада студенттердің өзге тілді әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыруда білім алушылардың мотивациясын көтеру және оны “Case STUDY” әдісі арқылы шешу мүмкіндігі қарастырылады. Шет тілін оқытудың әлеуметтік-мәдени компонентін дамытудағы кейс-технологияның рөлі талқыланып, оның студенттерге әсері зерттелді. Зерттелген жұмыыста әдістің жалпы мазмұны мен мүмкіндіктері көрсетілді. Кейс-технологияларды қолдану арқылы студенттердің коммуникативтік, ізденімпаз, шығармашылық, практикалық дағдылары дамығанын байқадық. Мақалада кейс-әдісті қолдану барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылықтың артуы байқалады. Сонымен қатар, осы дағдылардан басқа, тіл үйренушілер өткен материалды тез және оңай қабылдай алады, топта өз ойларын еркін жеткізе алады. Зерттеу жұмысына дейін және соңында студенттерден кейс-әдісті қолданудың тиімділігі, мәдени ерекшеліктерді зерттеуге ынталандыру, әлеуметтік-мәдени құзыреттілік туралы сауалнама алынды және олардың пікірлері негізінде студенттердің нәтижелері зерттелді. Білім алушыларды елдердің мәдени ерекшеліктерін игеруге ынталандыру деңгейін зерделеу негізінде зерттеу сабақтары өткізілді және оқушылардың мотивациясын арттыру бойынша оқытушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.
Түйін сөздер: “Case-study” әдісі, Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік, ағылшын тілі, инновациялық жүйе, технология, әдіс, мотивация.
