Қазақстан университетіндегі түрікмен студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық бейімделу үдерісін кешенді талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258511

Аннотация

Мақалада Қазақстан университеттерінде білім алып жатқан түрікмен студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық бейімделуіне әсер ететін факторлар жан-жақты әрі терең талданған. Қазіргі уақытта көптеген түрікмен азаматтары жоғары білім алу үшін, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдап отыр. Алайда, бейімделу процесі түрікмен азаматтарының бейтаныс елге үйренуде қиындықтарға тап болуына байланысты ұзаққа созылуы да мүмкін. Мақаланың мақсаты – Қазақстан университеттеріндегі түрікмен студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық бейімделу үрдісінің ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында талдау, жинақтау, сауалнама жүргізу әдістері қолданылды. Зерттеуде К. Роджерс пен Даймондтың психологиялық бейімделу шкаласы қолданылды. Эмпирикалық бөлімге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология, филология факультеттерінде оқитын 1-курс түрікмен студенттерінен құралған 170 студент қатысты. Мақалада түрікмен студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық бейімделуінің ерекшеліктері көрсетілген. Нәтижесінде, оқу тілін жеткілікті деңгейде білмеу, жалғыздық, мәдени кедергілер мен қаржылық қиындықтар бейімделу барысында кездесетін негізгі қиындықтар ретінде анықталды. Статистикалық талдау нәтижесінде студенттердің жынысына және жасына қарай бейімделу деңгейінде елеулі айырмашылық жоқ екені анықталды. Зерттеу нәтижелері бейімделу процесін жақсарту бойынша нақты ұсыныстар мен бағыттарды ұсынуға мүмкіндік берді.

      

Түйін сөздер: түрікмен студенттері, бейімделу, әлеуметттік бейімделу, педагогикалық бейімделу, психологиялық бейімделу.

 

Автордың биографиясы

Б. Санбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының PhD докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, email: sanbaeva.balim@mail.ru)

Как цитировать

Санбаева, Б. (2025). Қазақстан университетіндегі түрікмен студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық бейімделу үдерісін кешенді талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 85(4). https://doi.org/10.26577/JES20258511

Шығарылым

Бөлім

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі