«Галургияның қолданбалы аспектілері» пәнін оқыту ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES202583215Аннотация
Мақалада жоғары оқу орындарында оқытылатын «Галургияның қолданбалы аспектілері» атты пәннің маңыздылығы мен оқыту барысындағы ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Бұл пән галургия ғылымының негіздерін, яғни табиғи түрде кездесетін еритін тұздарды алғашқы өңдеу, оларды өндіру мен пайдаланудың технологиялық әдістерін үйретуге бағытталған. Химиялық технология саласына жататын бұл бағыт бүгінгі өндірістік және ғылыми үдерістермен тығыз байланысты болғандықтан, студенттерге оны тиімді меңгерту — аса маңызды міндеттердің бірі. Пән мазмұны студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оларды нақты өндірістік міндеттерді шешуге бейімдейді. Мақалада осы пәнді оқыту арқылы білім алушылардың пәндік құзіреттіліктерін дамыту жолдары сипатталады. Атап айтқанда, студенттерге галургиялық әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдана білуге, зертханалық жұмыстар нәтижесін талдауға, алынған мәліметтерді дұрыс түсіндіруге үйретудің қажеттілігі айқын көрсетілген. Сонымен қатар, бұл пәнді меңгеру арқылы болашақ мамандардың ақпаратпен жұмыс істеу, түрлі проблемалық жағдаяттарды шешу, ойларын нақты әрі жүйелі жеткізу сияқты түйінді құзіреттіліктерді игеруіне жағдай жасалатыны баяндалады. Пән аясында орындалатын құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар студенттердің дербес ойлауын, кәсіби тұрғыда дамуын және практикалық білімін шыңдауға бағытталған.
Түйін сөздер: галургия, оқыту технологиясы, пәндік құзіреттілік, гравитациялық, термиялық байыту, минералдар, тығыздық.
