Биология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың экологиялық құндылықтарын қалыптастырудың өзекті мәселелері

Авторлар

  • А. Кырбасов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы , Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2265-1093
  • K. Жумагулова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы , Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5422-5270
  • Н. Умирзакова Алматы гуманитарлық - экономикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-0434-4137
  • А. Майматаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы , Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4256-0802

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES202584313
        126 20

Аннотация

Мақалада экологиялық құндылықтардың иерархиясы және олардың өзгерісі, қазіргі қоғамдағы жалпыадамзаттық құндылықтардың өзектілігі қарастырылады. Оқушылардың құндылықтарын дамыту үшін білім беру үдерісіне инновацияларды енгізу қажеттігіне ерекше назар аударылады. Инновациялар қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты болып, оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етуі мүмкін.Экологиялық білім беру адам мен қоршаған орта, қоғам арасындағы өзара әрекетті реттейтін экологиялық құндылықтар жүйесін қалыптастыруда шешуші мәнге ие. «Өмір – ең жоғары құндылық», «табиғат – әмбебап құндылық», «денсаулық пен салауатты өмір салтының құндылығы», «биологиялық алуандылықтың құндылығы» және басқа да негізгі экологиялық құндылықтар биология сабағында оқушыларға беріледі.Тұрақты даму мен жаратылыстану-ғылыми білім беруді жетілдіруге бағытталған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары биологияны оқыту барысында экологиялық құндылықтарды қалыптастыруға арналған әдістемелік тәсілдердің негізін құрайды. Ғаламдық экологиялық білім беру идеясы және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми дамуының басымдықтары осы үдеріспен байланысты.Биология пәнін оқыту саласындағы ғылыми-әдістемелік зерттеулер экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа деген эмоционалды-құндылықтық қатынасты дамытуға, экологиялық бағдарларды қалыптастыруға және осы процестердің ғылыми-әдістемелік негіздемесіне ерекше көңіл бөледі.Мақалада биология пәнін оқыту барысында экологиялық құндылықтарды қалыптастыруға қатысты мектеп мұғалімдерінің пікірін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Сауалнамаға 79 мұғалім қатысты. Мұғалімдер жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарында экологиялық принциптерді анықтау және қалыптастыру кезінде кездесетін қиындықтардың бар екенін атап өтті.

Түйін сөздер: құндылық, экологиялық құндылықтар," адам-қоғам-биосфера", білім беру процесі.

Авторлардың биографиясы

А. Кырбасов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы , Қазақстан

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e - mail: akjan_91@mail.ru)

K. Жумагулова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы , Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасы профессорының м. а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы , Қазақстан, e - mail:  darmik1996).

Н. Умирзакова, Алматы гуманитарлық - экономикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Философия докторы (PhD), Алматы гуманитарлық - экономикалық университеті (Қазақстан , Алматы , e - mail: umirzakova-nagi@mail.ru)

А. Майматаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы , Қазақстан

PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің биология кафедрасының меңгерушісі (Алматы , Қазақстан, e-mail: maimataeva_asia@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Кырбасов A., Жумагулова K., Умирзакова N. ., & Майматаева A. . (2025). Биология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың экологиялық құндылықтарын қалыптастырудың өзекті мәселелері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 84(3), 153–165. https://doi.org/10.26577/JES202584313