Ұлттық емтихандарға тест әзірлеуде цифрлық платформаларды интеграциялау үрдісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2025858

Аннотация

Зерттеуде Қазақстандағы ұлттық емтихандық жүйелердің (ҰБТ, КТ, ҚАЗТЕСТ) тест тапсырмаларын әзірлеу үдерістерін цифрлық трансформациялау әлеуеті талданып, қолданыстағы тәжірибелердің негізгі шектеулері айқындалды. Компьютерлік тестілеу мен жекелеген цифрлық шешімдердің (прокторинг, электронды сертификаттар) енгізілуіне қарамастан, тапсырмаларды құрастыру мен сараптау сияқты шешуші кезеңдер басым түрде қолмен орындалады, бұл тестілердің тиімділігіне, ауқымдылығына, валидтілігіне және қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізуде. Нормативтік базаға және эмпирикалық деректерге кешенді талдау жасау негізінде тест тапсырмасының өмірлік циклін толық автоматтандыратын мамандандырылған цифрлық платформаны енгізудің қажеттілігі дәлелденді. Мұндай платформа когнитивтік модельдер мен үлгілерді пайдалана отырып автоматтандырылған тапсырма генерациясынан (AIG) бастап сараптау, түзету, вариативтілік пен аналитикаға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

Ұсынылып отырған шешімнің халықаралық стандарттарға (AERA, APA, NCME) және Болон процесінің талаптарына сәйкестігі атап өтіледі. Жоғары оқу орындарының енгізуге дайындығы (80,5%) жоғары болғанымен, негізгі кедергілер ретінде техникалық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, қаржылық шектеулер және ұйымдастырушылық қарсылықтар анықталды. Цифрлық трансформация жағдайында бағалау жүйесінің сапасын, ашықтығын және сенімділігін арттыру үшін платформаның стратегиялық маңызы ерекше атап көрсетіледі. Сауалнамаға зерттеуге қатысуға келісім берген 206 респондент қатысты. Сауалнама түріндегі эмпирикалық зерттеу Қазақстанның 22 жоғары оқу орнын қамтыды .Мақала білім беру саясатын әзірлеушілерге, тестілеу саласының мамандарына, ІТ-әзірлеушілерге, зерттеушілерге, сондай-ақ бағалау жүйесін жаңғыртуға мүдделі жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне пайдалы болады.

Түйін сөздер: ұлттық емтихан жүйелері, білім беруді цифрландыру трансформациясы, тест тапсырмаларын әзірлеуді автоматтандыру, тестілеудің валидтілігі мен сенімділігі, бағалаудың цифрлық платформасы, тапсырмаларды автоматты генерациялау.

 

Авторлардың биографиясы

Б. Абдрасилов, Ұлттық тестілеу орталығы, Астана , Қазақстан

ҚР ҰҒА академигі, директор, Ұлттық тестілеу орталығы (Астана, Қазақстан,е-mail:Bolatbek_s@mail.ru)

Ш. Алтыбаева, Ұлттық тестілеу орталығы, Астана , Қазақстан

басқарма басшысы, экономика ғылымдарының магистрі, Ұлттық тестілеу орталығы (Астана, Қазақстан,е-mail: shugyla.altybayeva@gmail.com)

Г. Ерсултанова, Ұлттық тестілеу орталығы, Астана , Қазақстан

докторант,  ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы, Ұлттық тестілеу орталығы (Астана, Қазақстан,е-mail: ersultanovagulnur@gmail.com)

И. Жуматова, Ұлттық тестілеу орталығы, Астана , Қазақстан

зертхана меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Ұлттық тестілеу орталығы (Астана, Қазақстан,е-mail: i.zh.86@bk.ru)

К. Туралбаева, Ұлттық тестілеу орталығы, Астана , Қазақстан

зертхана меңгерушісі, Ұлттық тестілеу орталығы (Астана, Қазақстан,е-mail: kengebahit@mail.ru)

Как цитировать

Абдрасилов, Б., Алтыбаева, Ш., Ерсултанова, Г. ., Жуматова, И., & Туралбаева, К. . (2025). Ұлттық емтихандарға тест әзірлеуде цифрлық платформаларды интеграциялау үрдісі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 85(4). https://doi.org/10.26577/JES2025858

Шығарылым

Бөлім

Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе